Президент ҚазҰУ және басқа республикалық деңгейдегі ұйымдардың басшысын тағайындамайды

Жарлыққа сәйкес аталған мекемелердің бірінші басшыларын тиісті саланы жетекшілік ететін уәкілетті органдар тағайындайтын болады. Жауапты лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурс негізінде жүргізіледі.
Жаңа тағайындау тәртібі келесі ұлттық жоғарғы оқу орындарына қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
Қазақ ұлттық аграрлық университеті;
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
Қазақ ұлттық өнер университеті Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
Қазақ ұлттық хореография академиясы;
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/prezident-kazuu-jane-baska-respublikalyik-dengeydeg-300395/