Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ дәрігерлер автоматты түрде аймақтарға бөлінеді

Болашақ дәрігерлер автоматты түрде аймақтарға бөлінеді

Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық ЖОО түлектерін аймақтарға бөлу автоматтандырылады. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
– Биылдан бастап түлектер аймақтарға Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы азаматтарды  бөлу жөніндегі республикалық комиссия деңгейінде жартылай автоматты режімде бөлінеді. Бұл ауыл мен қала арасындағы кадр теңсіздігін төмендетеді. Сонымен бірге, жас мамандарды тарту мен жұмысқа орналастыруда әкімдіктердің жауапкершілігіне жүктейді, – делінген министрлік мәліметінде.   Министрліктің хабарлауынша,  2020 жылдан бастап бұл функцияны толығымен автоматтандыруды және цифрландыруды жоспарлап отыр. Бұл 2030 жылға дейінгі нақты қажеттілік бойынша  кадр дайындау мен жұмысқа орналастыруды тиімді жоспарлауға көмектеседі екен.
https://aikyn.kz/society/threaded/7763-bolashaq-daer%D1%96gerler-avtomatty-tuerde-aymaqtargha-boel%D1%96ned%D1%96/


09 қыркүйек 2019 ж. 512 0