«Мирас» қоғамдық кеңесінің өкілдері Арал ауданында болды

Жиынға аудан ардагерлері, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы өкілдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды ашып берген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алдымен ауданға арнайы сапармен келген кеңіс мүшелерін таныстырып, аталған қоғамдық кеңестің алға қойған мақсат-мүдделеріне тоқталып өтті. Одан әрі жиын барысында «Мирас» аймақтық кеңесі мүшелері сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа Жолдауы мен "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы негізінде алға қойылған мақсаттар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамымызда орын алып жатқан түйіткілді мәселелер жайын да тілге тиек ете келе, ол мәселелерді тиімді шешу жолдарын жұмыла шешуге шақырды. Соның ішінде, өзекті тақырыпқа айналған отбасы мәселесі төңірегінде орын алып жатқан келеңсіздіктерді айта келе, бұл бағытта ұлттық тәрбиені алдыңғы қатарға шығару керектігін алға тартты.
Рас, тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында атқарылған шаруа аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты.