Қызылордалық өнерпаздар Әзербайжандағы халықаралық фестивальге қатысады

Сыр өңірінде дәстүрлі өнерді дәріптеуге арналған көптеген іс-шаралар қолға алынып келеді. Осының нәтижесінде Қармақшы ауданында Жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді. Жыраулар үйінде өздерінің өнерін өрістете түскен өрендер сан алуан сайыстарда алдыңғы орындардан көрініп жүр.
Әзербайжан жерінде өтетін халықаралық фестивальге Жыраулар үйінің директоры, жырау Амандық Бүрлібаев қазылар алқасының құрамына арнайы шақырылды. Ал жас жыршылар Шұғыла Мархабатова мен Арай Оңғарқызы үлкен додада бақ сынамақ.
https://www.inform.kz/kz/kyzylordalyk-onerpazdar-azerbayzhandagy-halykaralyk-festival-ge-katysady_a3572499