Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 31 қазанға арналған ауа райы

31 қазанға арналған ауа райы

Ресейдің еуропалық аумағында орналасқан циклонмен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды baq.kz

Кей жерде қар түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, солтүстік аудандарда көктайғақ, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қосатанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының түнде Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
31 қазан 2019 ж. 701 0