Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазгидромет: Сәуірдің 28-і күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Сәуірдің 28-і күнгі ауа райы болжамы

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды  inform.kz «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, еліміздің бірқатар өңірінде бүгін жауын жауады, жекелеген аудандарда ол мол көлемде жаууы ықтимал. Тіпті найзағай ойнап, күшті жел тұруы, бұршақ жаууы да мүмкін. Республиканың бірқатар бөлігіне тұман түседі.
Түркістан облысында күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал, кей жерлерге бұршақ жауады.
Қызылорда облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метр болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін барады. Жел артынан бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, облыстарында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысына тұман түсіп, бұршақ жауып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.
28 сәуір 2020 ж. 704 0