Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!

Арал қаласында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызмет шығындарын (ауыз су, электр жарығы, газ) өтеуге қатысты Сall орталығы жұмысын жалғастыруда.
Тұрғындар осы мәселеге қатысты сұрақтарды 2-22-24, қосымша 8 708 571 60 44, 8 777 627 23 49, 8 702 972 72 94 номерлеріне хабарласу арқылы өтініш бере алады (орталыққа келудің қажеті жоқ).
Тұтынушы өз өтінішінде ЖСН, әлеуметтік мәртебесін (төмендегі санаттар бойынша), үй иесінің аты-жөні, ЖСН, коммуналдық мекемелердегі («Дәулетэнерго», «ҚазТрансГаз Аймақ») есеп шот дерегін (лицевой счет), мекен-жайын айтса жеткілікті.
Аталған әлеуметтік көмек төменде көрсетілген санаттағы тұрғындарға тиесілі:
1. І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оған теңестірілген адамар;
3. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;
4. Көпбалалы отбасылар (18 жасқа дейінгі немесе балалары күндізгі оқу бөлімінде оқитын болса 23 жасқа дейінгі төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар, яғни зейнетақы төлеу орталығы арқылы 4 баланың ақшасын алып отырғандар.);
5. Ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары.
7. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар және жалғызбасты зейнеткерлер.
Ескертпе: 1) Бір отбасында бірнеше санатқа жататын тұрғындар болса да бір ғана төлем жүргізіледі;
2) Осы санаттағы адамдар тұрғын үй иесімен туыстық қатынаста болуы шарт;
3) Төлемдер тұрғындардың сәуір, мамыр айларына тұтынған коммуналдық шығындарын өтеп береді.
4) Бұл берілетін әлеуметтік көмек үйге кіретін табысқа ешқандай қатысы жоқ.
02 маусым 2020 ж. 768 0