Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Құрметті облыс тұрғындары! Әлемді әуреге салған пандемия салдарынан Арал ауданындағы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр.
Осы орайда, індеттің таралуын тежеу, алдын-алу мақсатында 31.05.2020 жылы Арал ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №9 қаулысы қабылданған болатын. Аталған қаулыға сәйкес, аудан көлемінде COVID-19 сырқаттанушылық деңгейінің 7 күн ішінде 0% -дан 36,6 %-ға өсім алуына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша жағажай (пляж) жұмысын тоқтату көзделген. Яғни, қазіргі таңда Арал ауданында орналасқан Қамбаш көлі жабық екендігін назарларыңызға саламыз.
Айта кеткен жөн, бүгінде көршілес аудандардан жағажайға келушілер толастамай отыр. Сондықтан да, аудан көлемінде қабылданып отырған шектеулерге бағынып, өздеріңіздің және жақындарыңыздың саулығы үшін сабырлық сақтап, тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз.
04 маусым 2020 ж. 815 0