Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дабылды ескерту! Күн суытады

Дабылды ескерту! Күн суытады

ҚР Энергетика министрлігі «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының 2019 жылғы 04 ақпандағы мәліметіне сәйкес, 2019 жылғы 06 ақпанда Қызылорда облысы аумағында ауа температурасы-18-23, кей жерлерде -28-33 дейін төмендеп, ауа-райының күрт өзгеруі күтілуде. Сол себепті алыс жолға шығуға, балық және аң аулауға шығу өміріңізге қауіпті екендігін ескертеміз! Қауіп-қатерлі жағдайға душар болмас үшін барынша сақтық шараларын сақтағандарыңыз жөн!
Соңғы жылдары қыс мезгілінде үсік шалу, жарақат алу фактілерінің өсу динамикасы байқалады. Дегенмен де далада қалған немесе адасып қалған  жағдайда дұрыс іс-әрекет ете білу өміріңізді және денсаулығыңызды сақтап қалуға көп септігін тигізеді. Қыста жолға шыққанда сақтауды қажет ететін бірнеше қарапайым ережелер бар:
  • метеорологиялық мәліметтерді тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерісін байқауға тырысыңыз;
  • жаңа жолдар салмаңыз, төте жолдармен жүрмеңіз;
  • ымыртта таныс емес жерлермен жүрмеңіз;
  • өз бағытыңызды «мәңгі» белгілерге (жартастарға, жалғыз ағаштарға, тастардың үйінділері мен шоғырларына және т.б) байлап отырыңыз;
  • жалғыз жүрмеуге тырысыңыз;
  • егер өзіңізді қолайсыз сезінсеңіз немесе қатты шаршасаңыз, бірден кері қайтыңыз;
  • суық ауа райында, әсіресе қатты желде жалпылай немесе бір жеріңіздің тоңазуына жол бермей, өз жағдайыңызды үнемі бақылап жүріңіз, тоңып қалған жеріңізді барлық қолайлы әдістермен жылытыңыз;
  • ауа райының бұзылуы, жолды қар басып қалу қаупіне дайын болыңыз;
  • киім қимылға кедергі келтірмеуі тиіс, қалың қармен жүргенде ең алдымен аяқ киім ішіне қар түйіршіктерін түсірмеуге тырысу керек, аяқ киім кез келген жағдайда кең болғаны абзал, себебі аяқтарды жылы ұстау мақсатында жүн шұлықты жалаң аяққа, ал мақта-мата шұлықты оның сыртынан киген жөн, кәдімгі газет бұйымдары да жаман жылытқыш емес, оның 2-3 қабатын аяқты орап, сыртынан шұлық кисе болады (газетті жылытқыш ретінде тек құрғақ аяқ киімде пайдалану керек)
 Тәжірбие көрсеткеніндей, ең алдымен адамдардың аяқтары қолдары және беті жиірек және тезірек тоңады. Санаулы минуттарда қатты үсікке ұшырауға болатынын ескерген абзал, себебі үсік шалу ылғи байқаусыз болады. Сондықтан өзіңіздің қасыңыздағы адамдардың құлағының, мұрнының ұшы, иегі, беті кенеттен бозарған кезде оларға бұл жөнінде айту маңызды. Қанша дегенмен де қыс мезгілі қаһарлы екендігі белгілі, өзіміз бен туыстарымыздың өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай сақтық шараларын әрқашан естен шығармаған абзал! 
Сонымен қатар орын алған төтенше жағдай мен оқыс оқиғалар туралы ақпаратты жедел түрде Арал ауданының Төтенше жағдайлар блімінің «112» немесе 2-15-97 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
05 ақпан 2019 ж. 1 264 0