Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ АРАЛ» АТТЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАБЫҚ ӘНКОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«ӘН ҚАНАТЫНДАҒЫ АРАЛ» АТТЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАБЫҚ ӘНКОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

(Сурет: ​depositphotos.com​​​)

Арал ауданы әкімдігінің қолдауымен Арал тақырыбындағы әндерден «Ән қанатындағы Арал» атты республикалық жабық ән конкурсыжарияланады.Конкурстың мақсаты
– Қазақ елінің рухани құндылығын дәріптеу, ұлттық музыка өнерін дамыту, сазгерлер шығармашылығын қолдау және жаңа авторлық туындыларды көпшілікке таныту.
– Арал өңірінің тарихы, табиғаты мен рухани келбетін насихаттайтын жаңа әндер қорын қалыптастырып, елге, жерге, туған өлкенің тағдыры мен болашағына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Конкурс шарты мен талабы
– Конкурсқа республиканың барлық өңірлерінен кәсіби және әуесқой сазгерлер қатыса алады;
– Қатысушының жасы мен кәсіби дәрежесіне шектеу қойылмайды;
– Конкурсқа жеке автор немесе авторлар тобы (сазгер мен ақын және әнші бірлесе) қатыса алады.
– Шығарма Арал тақырыбына арналған ән болуы тиіс (табиғаты, тарихы, адамдары, теңізге деген сағыныш, елге құрмет, туған жер рухы т.б.).
– Конкурс барысында әннің құрылымына, сөз мәтінінің тақырыпты аша білуіне, әнді орындаушының жоғары деңгейде орындау шеберлігіне баса назар аударылады.
– Конкурсқа ұсынылатын туынды:
– Ән жаңа, бұрын көпшілік алдында орындалмаған және ешбір байқауға қатыспаған болуы керек;
– Әннің сөзі мен музыкасына бірдей мән беріледі;
– Орындау уақыты 4 минуттан аспауы тиіс;
– Қатысатын үміткер өз туындысын электронды нұсқада – флешкаға түсірілген (+1) аудио нұсқа, бұған қоса әннің клавирі мен сөз мәтіні Word форматында ұйымдастыру комитетіне конвертке салып жібереді.
Марапаттау рәсімі
Конкурсқа түскен композиторлардың әндері республикамызға белгілі музыка мамандары мен ақындар, композиторлардан құрылған қазылар алқасының жабық отырысында тыңдалып, талқыланады.
– Конкурс 2025 жылдың 22 қарашасынан бастап жарияланып, 2026 жылдың 27 ақпанына дейін өтінімдер қабылданады;
– «Үздік» деп танылған шығармалар БАҚ-та жарияланады.
Байқау қорытындысы бойынша сазгерлергетөмендегідей жүлделі орындар тағайындалады: 
Бас жүлде – 2000000 теңге
І орын – 1000000 теңге
ІІ орын – 700000 теңге
ІІІ орын – 500000 теңге 
Қазылар алқасы құқылы
Барлық сыйлықтарды тағайындамауға;
Бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөлуге;
(Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды)
Жүлде иеленген сазгерлердің әні Арал ауданының әні болып бекітіліп, әлеуметтік желіде жарияланады.
Жүлдегер әннің авторлық құқығы ұйымдастыру алқасының иелігіне өтеді. Яғни, кез келген мәдени шарада пайдалана алатын болады.
Үміткерлерге қажетті құжаттар
«Арал аудандық мәдениет үйі» мекемесінеұсынған жолдама;
Жеке куәлік көшірмесі;
Үміткердің шығармашылық өмірбаяны;
Жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
13*18 көлемдегі түрлі-түсті екі фотосурет (электронды нұсқасы міндетті түрде);
Конкурсқа ұсынылған туындының толық нұсқасы.
Қорытынды
Мекен жайымыз: Конкурсқа тапсырыстар төмендегі мекен-жайда қабылданады.Қызылорда облысы Арал қаласы, Бақтыбай батыр №115.
«Арал аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Байланыс телефондары: /8724 33/ 2 44 49
8775 618 37 90 /Сәнімгүлшат/
8705 824 74 32 /Айдар/
Эл.пошта: aral_rdk@mail.kz
Каз.пошта индексі: 120100
25 қараша 2025 ж. 338 0