Еліміздің солтүстігінде – жаңбыр, ал оңтүстігінде – аптап ыстық
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23-25 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне Орал аймағынан салқын және ылғалды ауа әлі де келіп түсуде.
«Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге бұл өңірлерде найзағай мен жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады.
https://baq.kz«Оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын атмосфералық фронттармен бірге бұл өңірлерде найзағай мен жаңбыр, кей жерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуімен 38 ... 45°С ыстық ауа райы сақталады.