Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Доллар бағамы тағы да көтерілді

Доллар бағамы тағы да көтерілді

Қазақстандық валюта жаңа рекорд орнатты. Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде 29 шілдеде доллардың орташа бағамы 385,1 теңге болды. 26 шілдедегі қорытындымен салыстырғанда (384,92 теңге) ұлттық валюта бағамы 0,05% (0,18 теңгеге) төмендеді. КАСЕ-де мұндай бірінші рет орын алып тұр

Доллар бағамы дүйсенбі күні таңертеңнен бастап қымбаттай түскен. 
Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда доллар бір күнге небәрі 18 теңгеге өсті. Биржаның жабылу сәтінде ол 385 теңге және 10 тиын болды. Ал еуро мен рубль және юань керісінше арзандаған. Қаржыгерлер бұл апта қазақстандық валюта үшін қызық болуы мүмкін екенін айтады. 
Сонымен қатар, сарапшылар сәрсенбіге жоспарланған АҚШ Федералды резервінің отырысын күтуде. Бұл тарихта қалуы мүмкін. 10 жыл ішінде алғаш рет ФРЖ (федералдық резерв жүйесі) базалық мөлшерлемені 25 пайызға төмендетеді деп күтілуде. Бұл доллардың құлдырауына әкелуі керек.
https://stan.kz
30 шілде 2019 ж. 873 0