Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігіне кең алқапты антициклон әсеріне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, солтүстікте көктайғақ күтіледі.
"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, күндіз секундына 15-20 метр, екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метр. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қарағанды, Алматы, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік 1 градус күтіледі.