Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ-орыс тойлары жайлы әзілдеген КВН командасына жұрт қыран-топан болды

Қазақ-орыс тойлары жайлы әзілдеген КВН командасына жұрт қыран-топан болды

23 қарашада "Еуразия бірінші арнасында" қыркүйектің басында Екатеринбургте түсірілген КВН "Встреча выпускников" шығарылымы көрсетілді, - деп хабарлайды tengrinews.kz
Айта кетейік, онда "Уральские пельмени", "Сборная Камызякского края" (Азамат Мұсағалиев) және "Город Пятигорск" (Ольга Картункова) командалары қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша Астрахан облысы жеңіске жетті, ол 14,8 ұпай жинады. Ал "Камызяки" командасына Кубок пен 400 мың рубль сыйақы берілді.
КВН-ның YouTube хостингіндегі арнасында бұл видео миллионнан аса қаралым жинаған. Көрермендердің көбіне "Сборная Камызякского края" командасының қазақ-орыс үйлену тойлары қалай өтетіні жайлы дайындаған шоуы ұнаған. Қолданушылар "Жарайсыңдар!", "2019 жылы болған үздік КВН" деген пікірлер қалдырған.


25 қараша 2019 ж. 750 0