Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерке 15 000$, Қайрат Нұртас 5 000$: Жаңажылдық кештер үшін жұлдыздар қанша қаламақы сұрайды

Ерке 15 000$, Қайрат Нұртас 5 000$: Жаңажылдық кештер үшін жұлдыздар қанша қаламақы сұрайды

Желтоқсанның 30 мен 31-і өнер иелерінің нағыз ақша тауып, қалтасын қампайтатын уақыты. Бұл күндері олар 20 минуттық концерттері үшін миллион сұрайтыны белгілі. Осы ретте шоу-бизнес өкілдерінің биылғы гонорары қандай екенін білдік. Былтырғыға қарағанда оларға сұраныс азайғаны рас па? Танымал өнерпаздар мерекені қайда қарсы алады?

Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 
Жаңажылдық корпоративтерге ең кемі 10 мың долларға шығатын жұлдыздар биыл тәубесіне түскендей. Гонорарлары геометриялық прогрессиямен өсетін шоу-биз өкілдерінің жартысынан көбі биыл отбасымен болмақ. Мәселен, корпоративтерді қалт жібермейтін Айқын биыл жаңа жылды ерекше атап өтпек.
«Биыл үйде қарсы аламын. Біраз жыл болды үйде болмадым, бір жылы Қызылордада болдым, бір жыл Атырауда болдым. Бір жыл басқа жақта болдым. Биыл Алматы да туған үйімде, өз үйімде қарсы аламын. Әке-шешеммен, бала-шағаммен бірге. Бірақ 12 ден кейін тағы бір корпоративке барып келетін болдым», - деді Айқын.
Танымал әнші, әрі актриса Жанар Айжанова үшін Жаңа жыл отбасылық мереке. Сол себепті, ақшаны долларлап шашса да, отбасыға айырбастамаймын дейді ол.
«Негізі мен жаңа жылда  былай қаңғырмаймын ешқайда отбасында болуға тырысамын. Сол күні қызық біздің үйге бүкіл туысқандарымыз жиналады, бәріміз жиналамыз. Сосын дастарханымыз бар, кетем дегендер жаңағы сағат 12 ден кейін кетіп қалады, жастарымыз, кейде біз де кетіп қаламыз. Негізі отбасымызбен боламыз. Қыдыратын болсақ жаңа жылдан кейін барамыз. Қайда барсақ та», - деді Жанар Айжанова.
Жуырда ғана 1 жасқа толған қызының тойын дүркіретіп өткізген әнші Маржан Арапбаева  31-і күнгі жаңа жылдық корпоративтерді сызып тастададым дейді.
«Жаңа жылды біз отбасымызбен бірге бала-шағамызбен бірге, демалыс орнында, табиғат аясында кәдімгі орман арасында қарсы аламыз иә.  Шаңғы теуіп, жаңағы қармен ойнап дегендей. Биыл сондай бір шешім қабылдадық.  Қызымызда өсіп қалды, бір жастан асты, сол себептен осындай бір қызықты жаңа-жыл болйын деп тұр», - деді Маржан Арапбаева.
Ал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің сөзінше, керісінше шоу -биз өкілдерінің жартысынан көбі мұнайлы өлкеде өнер көрсетпек. Айтуынша, мұндағы кәсіпкерлер әншілерге долларлап ақша шашуға дайын.
«Бүкіл қазақ эстарадсының жұлдыздары осы Атырау мен Ақтауда ғой. Оның ішінде Атырауда. Бәрі. 60 пайызы! Мұнайшыларда ақша көп, солар ғана шақыра алады», - деді актер Қайрат Әділгерей. 
«Әрине отбасыммен күтуге тырысамыз. Негізі біз сахнада жүреміз, ол енді бізге қарамайды. 31 күні үлкен алаңда  уақытымен үлгеріп бір, 12 ге 20 минут қалғанда бізді босатып жібереді, сол аралықта мен отбасыме жетіп үлгеремін», - деді әнші Арайлым Рахымқызы.
Айта кетейік, ұшақ билеті мен конақ үй бағасын қоспағанның өзінде, Жаңа жылдық коорпоративке шығу үшін Ерке Есмахан  15 000 доллар, Төреғали Төрәлі мен Қайрат Нұртас 5 000 доллар, Жанар Дұғалова мен Мәдина Сәдуақасова - 7 000 доллар сұрайды екен.
31 желтоқсан 2019 ж. 629 0