«Музарт» тобының тарайтыны рас па?

Алдағы уақытта қандай кемшін тұстар болуы мүмкін. Бір күнде үш концерт берген адам басқа залды неге толтырмайды деп қолдау білдіргендер көп болды. Сол концерттерді 2018 жылы бүкіл Қазақстанға жасадым. Ал биыл ұйымдастырушылар Орал мен Ақтау қалаларына жасауға ұсыныс тастады», – дейді Сәкен Майғазиев. Топтағы ағалар аймақтағы әнсапарға аттанудың қамына кіріссе, Кенжебектің жеке орындаушы ретінде жоспары тым басқа. - «Менің өз жоспарым бар. Астанада өткен концертімді Алматыда қайта бір дүркіретіп өткізу ойымда бар. Сол ойымда бар. Өзімнің директорым мен жанымдағы қос қанатым қолдап, қоршап Алматы беремін деген жоспарым бар», – дейді Кенжебек Жанәбілов. - «Енді ел таныған кезде концертті дер кезінде берген дұрыс. Өйткені біздің кейін қартайғанда деген түсіністіктен арылуымыз керек. Құдай біледі ғой, одан кейін не болатынын. Жас кезде өткізсең жақсы естеліктер қалады, таспаға түсіріледі», – дейді Мейрамбек Бесбаев. Топтың тағдырына алаңдаған тыңдарманға жеткізер «Музарт» ұжымының жақсы жаңалығы бар. Келер көктемде әйгілі ансамбль 20 жылдық мерейтойын атап өтпек.