Алтынай Жорабаева тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті

"Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес, Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір! Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге. Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар" - өнер иесі.
Ал түндегі айтқан жақсы жаңалығы тым ерекше болды. Жаңа күйеуі сүйіктісіне қымбат жүзік сыйласа, оқырмандарына қомақты ақша тарту еткен. Осыған қарап сүйіктісінің бай-бағлан азамат екенін аңғаруға болады. Қайткен күнде де біз өз теңін тапқан Алтынай Жорабаеваға әйел бақытын тілейміз.
oinet.kz