"Шын күлкі ардан биік, шын бір өнер"

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қағытпа қалжыңмен шебер жеткізіп, мәртебелі өнердің туын тік ұстап жүрген өнерпаздар алдымен ұжымдарын таныстырды. Атап өтер болсақ, Маңғыстау облысы «Бостан», Батыс Қазақстан облысы «Жалпақтал», Жамбыл облысы «Меркі», сонымен бірге Ақтөбе облысы «Екі Езу», Қызылорда қаласы «Мереке думан» және де Жаңақорған «Жаңаша», Арал ауданы «Алдаспан», Қазалы ауданы «Қазалы қалжыңы», сондай-ақ Жалағаш ауданы «Әзілизация», Шиелі ауданы «Қытық», Жалағаш ауданы «Жаңаша», Жаңақорған ауданы «Күлеміз бе, қайтеміз?» ұжымдары, барлығы 12 өнерлі ұжым бақ сынасқан болатын.
Мерекелік кеште аудан әкімі Серік Сермағамбетов:
– Қадірлі жерлестер, құрметті өнер сүйер қауым! Қазақ қашанда өнердің бәсін биік, беделін басқалардан жоғары қойған халық. Әсіресе Сыр жұртшылығы қазақ өнерінің қандай деңгейде екенін жете түсінеді. Өнер мен дәулет қонған құтты мекен Аралдың қай қиыры болмасын өнер ордасы. Биыл осынау өнер әлемінде орны айрықша Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың 75 жылдығына орай халықтық өнер ұжымдарының қатысуымен республикалық байқау шымылдық түргелі тұр. Мен осы тұста өнерді салмақтай білген, бойындағы талантын тұншықтырмай жарыққа шығарған өнер ұжымдарының барлық мүшелеріне тек сәттілік тілеймін. Сіздер осындай бәсеке арқылы аудан мәдениетін басқаларға таныта түсесіздер. Сондықтан талаптарыңыз оңынан болып, тек дәстүрлі өнердің туын жоғары ұстай берулеріңізге тілектеспін, –деп жылы лебізін білдірді.

Байқау қорытындысы бойынша "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атанып, өнерімен тамсандырған Батыс Қазақстан облысы «Үздік» деп танылды. Ал І орынды Ақтөбе облысы иеленсе, ІІ орынды Арал ауданы қанжығасына байлады. Сонымен бірге ІІІ орынды Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласы иеленді. Қатысушы өнер ұжымдарға арнайы Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

А. НҰРЛАНОВА