Жас ақындар арасында айтыс өтті

Айтысты халықаралық және республикалық ақындар айтысының жүлдегері, белгілі айтыскер Еркебұлан Қайназар жүргізді.
Айтысты ұйымдастырумыздың басты мақсаты жастар арасындағы айтыс түрінде өткізіп, орақ тілді ақындарымыз арқылы рәміздеріміздің қасиеті мен құндылығын дәріптеу, мақтаныш сезімін ояту болып отыр. Айтыс қазақтың киелі өнері. Осындай шараларды жастар арасында жиы ұйымдастыру арқылы, елдікті, бірлікті жырлауымыз керек. - деді ақындарға алғысын білдірді Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы.
Сондай-ақ ол тартымды да, тәрбиелі айтыс жасаған жастарға рахметін білдірді.

Ел ішіндегі аламан айтыстарда бақ сынап, өнері өрге жүзген жас ақындар мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін, ұлттық мақтанышты, отансүйгіштік сананы жырға қосты. Әділ қазылар алқасы ақылдаса келе, жыр жүйіріктерін бөле-жармай бәріне бірдей алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табысады.
Шараға Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам, Филология ғылымдарының кандидаты, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі, айтыскер ақын, Серікзат Дүйсенғазы, белгілі диктор, радио ардагері Күләш Молдахметова, ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова, т.б зиялы қауым өкілдері, жастар, журналистер қатысты.
baq.kz