Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Саз әлемінің саңлағы

Саз әлемінің саңлағы

Туған жерден жырақта жүр¬ген даңқты өнерпаздарымыз та¬баны атамекенге тигеннен кейін, жергілікті басылымға ат басын бұрып, әдейілеп соғуы – дағдылы шаруа. Осында келіп ел-жұрттың жаңалығын естігісі келеді, өз¬дері жайлы мағлұматтарды оқыр¬манға жеткізгісі келеді. Қанша айт¬қанмен де, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі емес пе.
Қайбір күні мәдениет орта¬лы¬ғының әдіскері Гүлжанат қарындасымыздың бастауымен редакцияға тағы бір қонақ келіп кірді. Өткір көздерімен айнала¬сы¬на жіті қараған азаматты "Қа¬ра¬сай Сайжанов" деп таныстыр¬ды. Айдынды өңіріміздің әр дер¬егіне мән беріп жинап жүр¬етін, ескеріп жүретін біз елең ете қалдық. Бұл кісіні сырттай біле¬тінбіз, оның еліміздің дарынды бір дирижері екеніне құлағымыз қанық. Аралдың тумасы. Осын¬да туып-өскен. Қолына кішкен¬тай¬ынан домбыра алып, қасиетті аспаптың күмбірлеген үнінен өз әлемін жасауға талпынған. Бел¬гілі күйші Ізбасар Ілиясовтың көзіне түсіп, күй өнерін кие тұт¬қан бозбаланы аудандық мәде¬н¬иет үйі жанындағы Қазанғап атындағы халық-аспаптар оркестрінің құрамына шақыр¬ған. Музыкалық ұжымның ең жас мүшелерінің бір болды. Ор¬кестрдің құрамында қырықтан астам қыздар мен жігіттер бола¬тын. Олар Құрманғазының "Адай", Дәулеткерейдің "Қос алқа", Қа¬зан¬ғаптың "Көкіл", тағы басқа күй¬лерімен бірге әлемге танымал, батыс композиторларының күрде¬лі шығармаларын сахнада ор¬ын¬дайтын. Бұл Қарасай үшін ал¬ғашқы өнер мектебі болды. Мұрат Сыдықов, Қапар Жармағанбетов, Арзымбек Мәдединовтей күй өн¬ері майтал¬мандарымен танысты.
Саз өнеріне ынта-шынтасы¬мен берілген жас жігіт арман қа¬натына ілесіп Алматыдағы П.Чай¬ковский атындағы музыка учили¬щесіне түсті, кейін Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерва¬ториясын тәмамдап, "Домбыра және оркестр дирижері" маман¬ды¬ғын алып шықты. Жас талап өн¬ерпаз Қарасай Сайжанов осы¬нау үлкен білім ұяларының қа¬быр¬ғасында қазақ өнерінің бір¬туарлары – Қазақстанның халық әртісі, күйші Қали Жантілеуовтің, профессор Хабидолла Тастанов¬тың алдынан білім алып, бола¬шаққа нық қадам басты. Өнер жол¬ында атақты композитор Мәлга欬дар Әубәкіров, Кенжебек Күміс¬беков, Нұрғиса Тілендиевпен кездесіп, олардың дәрістерін бой¬ына сіңірді.
Училище мен консерватория¬да он жылдай оқып, музыка деген құдіретті өнердің жас мұзбалағы болған Қарасай 1971-1975 жыл¬дары әлемге әйгілі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академия¬лық ұлт аспаптар оркестрінің әртісі әрі дирижері қызметін атқар¬ды. Аз уақытта жұрт мойындаған азамат өзінің терең білімінің ар¬қасында өнердің және өнертанудың биіктеріне өрлей бастады. Ұлағатты ұстаздардың алдын көр¬¬ген ол жаңадан ашылған Жез-қазған музыка училищесінде он алты жыл қызмет етіп, ел ішінің қаншама жастарын қанаттандыр¬ды. Білім ұясының нығаюына өл¬шеусіз үлес қосты. Ал 1991-1994 жылдары Қарағанды филармо¬ния¬сының Тәттімбет атындағы Қаз-ақ ұлттық аспаптар академия¬лық оркестрінің көркемдік жетек¬шісі әрі бас дирижері боп, Арқа өңірінің музыка, мәдениет тари¬хында өзінің елеулі қолтаңбасын қалдырды.
Дирижер – музыканттардың жетекшісі, саз өнерінің саңлағы. Ол музыкалық туындылардың ек¬пініне, динамикалық ырғағына бет-құбылысы, қас-қабақ, көзқа¬ра¬сы мен ым, қол қимылдары, яғни қалыптасқан дирижерлік тіл арқылы жетекшілік жасайды. Ол орындаушылардың ансамбльдік үйлесімі мен орындаушылық ше¬берлігін қамтамасыз етіп, шығар¬маға өзінің көркемдік түсінігін береді.
Музыкант Қ.Сайжановтың дирижерлік мансабындағы бір қол жеткізген биігі – Жамбыл ат¬ын¬дағы Қазақтың мемлекеттік филармониясының "Отырар са¬зы" фольклорлық-этнографиялық оркестріндегі жылдары. Домбы¬ра өнерінің аса талантты иегері, Халық әртісі, "Халық қаһарма¬ны", ғажайып композитор Нұрғи¬са Тілендиев өзі қолқалап жанына алған. Бұл – екінің бірінің басына қона бермейтін бақ-тын. Аса дарынды композитормен қатар сах¬на¬ға шығу, керемет дүниелерді тыңдарманға өз трактовкасымен жеткізу оның кәсіби шеберлігін байыта түсті.
Музыка әлемінің мэтрі атан¬ып, мойындалған дарынды жерле¬сіміз 1999 жылдан бері Қазақ Ұлт¬тық музыка академиясының (қазір Өнер университеті) ұстазы қызме¬т¬інде келеді. Жыл сайын ондаған шәкірттеріне ақ жол тілеп, өнер көгіне шығарып салады. Бүгінде Қазақ¬стан мәдениеті мен өнерінде еңбек атқарып жүрген шәкірттері, күйші-композитор Марат Жанға¬зы, шертпе күйші Жанғали Жүз¬баев, оркестр дирижері Марал¬жан Мырзақұлова, тағы басқа¬лар¬ды мақтаныш тұтса, өзінің ұлы, Халықаралық және респуб¬ли-калық байқаулардың лауреаты, Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, қобызшы, дири¬жер, ком¬по¬зитор, өнер ғылым¬дары¬ның магистрі Алмат Сайжан әке жолын лайықты жал¬ғастырып келеді.
Қ.Сайжанов – Қазақстан Ко쬬позиторлар одағының мүш¬есі. Бірнеше мәрте автор¬лық кеш¬тер¬ін Алматыда, Аста¬нада, Қара¬ған¬дыда өткізген. Оның "Жаным әке" әндер жи¬нағы, "Әке тол¬ғауы", "Бәйдібек толғау", "Арал тағдыры", тағы басқа авторлық партитуралар жинақтары шық¬қан. Халық композиторы, күйші Мырза Тоқболатұлының өмірі мен шығармашылығын сарапта¬ған зерттеу монографиясы бар.
Жалпы автордың 35 жинағы жар¬ық көрген, оның 1-еуі моно¬гра¬фия, 9-ы оқу құралы, 25 ав¬тор¬лық ән-күйлер мен шығар¬малар жинағы және он шақты мақала¬ның авторы. Ол маман ретінде 500-ден астам әндер мен күйлер¬ді, қазақ, орыс және бат¬ыс ком¬позиторларының класси¬калық шығармаларын оркестрге лай¬ық¬тап түсірді. Қ.Сайжанов көп жылғы ұстаздық, дирижер¬лік еңбектері үшін 2008 жылы "Мә¬дениет қайраткері" атағы¬ның иегері атанды.
Бүгінде республикалық Күй¬шілер одағының құрметті мүше¬сі, ұлы күйші – Құрманғазы Сағырбайұлы медалінің екі мәр¬те иегері Қарасай Сайжанов алдағы уақытта аймағымызда өзінің үлкен авторлық кешін өткізуге дайындық қамында жүргені білінді. Осы өнер кеші аясында сәтін салса туған жерін¬де, айдынды Аралда жерлестерін бір желпіндіріп, концерт беруді армандайды...
Ерғали АБДУЛЛА
10 қазан 2023 ж. 2 317 0