Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Толқын – Арал тарихы»

«Толқын – Арал тарихы»

Мен 1 сыныптың есігінен еніп, табалдырығынан аттағанда атам мен әжем үйге апта сайын келетін газеттерді оқып отырғанын көретін едім. Әсіресе үлкен бір газетті айрықша қадірлеп ұстап,алма-кезек әр бетіне тамашалай көз тігетін. «Сауат ашуды» жаңа оқып, әріп таныған мен де әлгі газеттің атын ежелеп «Толқын» екенін танып білдім. Сөйтсем бұл өзім туып өскен Аралдың аудандық газеті екен.Менің бұған үңіліп, оқып тұрғанымды байқаған атам оның тарихын, мән-мағынасын асықпай түсіндіріп бергені бар. Кейін әріп танып біле бастағаннан менде газет бетіне үңіле бастадым. Атам мен әжеме оқып беретін болдым. "Толқын" газетінің басты бетіне біздің отбасы «Мерейлі отбасы» деген тақырыппен шықтық.Биыл аралдықтардың сүйікті басылымына айналған «Толқын» газетіне 92 жыл болды. Аралдықтардың сенімді серігі, айнымас ақылшысы, жаңалық жаршысы атанып келеді.Осы редакцияда қолына қалам ұстаған журналист ағаларға қызыға қараймын.Бәлкім, өскенде мен де солардың ізін басып, сөз өнерін жаныма серік етермін. Ол үшін жақсы оқып, тәртіпті болып ержетсем деймін. Өйткені мені арманым алдамайды.
Райан Өтемұратова,
№260 орта мектебінің оқушысы
24 желтоқсан 2022 ж. 457 0