Бүгін Арал аудандық "Толқын" газетіне – 91 жыл
Қараша айының алғашқы жұлдызы Арал аудандық '' Толқын '' газетінің ақпарат айдынына желкен керген күні. Міне, онан бері де сынаптай сырғыған уақыт 91 жылды артта қалдырыпты. Тарихпен тілдескен басылымның патша көңілді оқырмандарына риясыз пейілмен шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер, аудан айнасына баланған газеттің әр жетістігіне, қуанышына ортақтаса отырып, жыл сайын төл газеттің айнымас серігі бола білдіңіздер. Шаңырақтарыңызға шаттық,кәсіптеріңізге береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Қашанда ойға алған арман- мақсаттарыңызға даңғыл жол ашылсын.
Ізгі тілекпен, Арал аудандық '' Толқын '' газетінің бас редакторы А.Елеш