Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады. Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға белілмек, - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрлігінен.
Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. "Менің атым - Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Өлгендер қайтып келмейді" туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.

Айта кетейік, еліміздің руханиятына өшпес мұра қалдырған жазушының 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облысында бастау алды.

Фото: ашық дереккөз
27 қаңтар 2024 ж. 1 616 0