Өнердің қос өкілі, өмірде бірге жүрді...

Өткен аптада өнерлі отбасының отағасы Муат Есқалиұлы елеулі елу жасқа толып, жарымен бірге «Өмірде де, өнерде де біргеміз» – атты шығармашылық концертін берді. Айтулы кеште облыс, республика көлемінде танылған өнер майталмандары келіп, өз жылы лебіздерін білдірсе, аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Бержанов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова өнердің қос саңлағына шығармашылық табыс тілеп, құттықтау хат пен сый-сиапаттарын табыстады.
Кеш соңы сыр-сұхбатқа ұласып, қос өнер иесі өмір және өнер жолдары туралы жиылған жұртқа кеңінен әңгімелеп берді.
Ердос Есқали,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1 курс студенті