Жыр жампозы – Дәріқұл

Байқауға әр ауданнан өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Қызылордалық Жәнібек Жақсанға бұйырды. 1 орынды - Құмбазар ауылынан қатысқан Жұмамұрат Кішкене иеленсе, 2 орынды - Арал ауданынан қатысқан Тағыбергенова Жайна жеңіп алды. 3 орынды - Қазалы ауданынан келген Құнанбайұлы Абылай иеленсе, арнайы алғыс хатпен Қарақұм ауылындағы Дәріқұл жырау мектебінің шәкірті Ғабидуллаұлы Әлішер марапатталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Шараға арнайы келген Дәріқұл жыраудың ұрпақтары сөз сөйлеп, алғыс, тілектерін білдірді.
"Толқын" ақпарат