Қазақстан өнерпазы Мәскеуде топ жарды
Қазақстан өнерпазы Мәскеуде өткен XXVIII Халықаралық «Романсиада-2024» орыс романсы байқауында бірінші орын иегері атанды, деп жазады Egemen.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Топ жарған өнерпаз – Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Нұрсұлтан Әнуарбек.
«Романсиада» – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткізілетін байқау. Аталған байқау биыл 28-рет өтіп, ТМД елдерінде және Еуропада аймақтық кезеңдері ұйымдастырылған, жеңімпаздар Мәскеуде өтетін финалға жолдама алған.
Қазақстанда бұндай байқау «Қазақ романсиадасы» атауымен Түркістан қаласында өтеді. Онда да Нұрсұлтан Әнуарбек жеңіске жеткен.
Италияда өткен «Caruso - De Curtis» халықаралық байқауында бірінші орын, сондай-ақ «Қазақ романсиадасы» байқауында Гран-при иегері. Нұрсұлтан Әнуарбек басқа да көптеген беделді байқаулардың лауреаты және республикалық байқаулардың жүлдегері.
Сурет: egemen.kz