Ұстаз биігі
«Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызбен көзіңізді жеткізіп, мақұл десеңіз, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз», – дейді ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин.
Осы бір ғибратты сөздің астарында адамға қойылар үлкен талап, өмірге деген жауапкершілік, әр істі ақыл таразысына салып барып атқару деген терең ұғым жатыр. Менің бүгінгі эссеме арқау болып отырған азаматтың бүкіл ғұмыры да осы ұстаныммен үндесетіндей.
Адамды адам ететін – оның артында қалдырған ізі. Ал ұстаздың ізі ше? Ұстаздың ізі – шәкірт жүрегінде. Оның айтқан сөзі, берген тәлімі, көрсеткен өнегесі жылдар өтсе де өшпейді. Кейде арада қанша уақыт өтсе де, шәкірт ұстазының бір ауыз сөзін есіне алып, өміріне бағдар етеді.
Осындай ұлағатты ұстаздардың бірі – Бекболат Садуақасов. Бекболат Әкиұлының бойындағы ұстаздық қасиет – қызметтік міндетпен шектелмейтін, адамдық болмысымен біте қайнасқан қасиет. Әке қанымен, ана сүтімен дарыған жайсаң мінезі, кеңпейілділігі, елге деген ықыласы оны айналасындағыларға қадірлі етті. Ол қай ортада жүрсе де, өзінен бұрын істің нәтижесін, ұжымның ынтымағын, шәкірттің болашағын ойлайтын азамат болды.
Еңбек жолын аудандық өнер мектебі мен аудандық оқу бөлімінен бастаған Бекболат Әкиұлы кейін Арал қаласындағы №71 мектепте, №262 мектеп-гимназияда басшылық қызмет атқарып, білім саласының дамуына өзіндік үлесін қосты.
1996-1997 оқу жылында №71 мектепке басшы болып келген кезі әлі де көз алдымда. Жаңа ортаға келген басшының алғашқы қадамы ұжымға деген қарым-қатынасынан көрінеді ғой. Бекболат Әкиұлы ұстаздарды бөліп-жармай, әрқайсысының бойындағы жақсы қасиетін танып, қолынан келгенше қолдау көрсете білді.
Ол үшін мектеп – жай ғана жұмыс орны емес, үлкен шаңырақ еді. Сол шаңырақтың берекесі ұстазға, болашағы шәкіртке байланысты екенін жақсы түсінді. Сондықтан білім сапасына да, тәрбиеге де, ұстаздардың шығармашылық ізденісіне де қатар көңіл бөлді.
Басшы болу – бір бөлек, басшы болып жүріп ұстаздың жүрегін түсіну – бір бөлек. Бекболат Әкиұлының ерекшелігі де осында еді.
Ол жаңалықтан қашпайтын, ізденісті қолдайтын. 2009-2010 оқу жылында №262 мектеп-гимназиясы жаңадан ашылған тұста білім ордасының тынысын кеңейтіп, тәжірибе алмасуға мән берді. Қазалыдағы Мергенбаев атындағы мектеп-гимназиясына орынбасарлары мен ұстаздарын жіберіп, әріптестік байланыс орнатуы – оның «үйрену бар жерде өсу бар» деген ұстанымын аңғартатын.
Бекболат Әкиұлы аға буын ұстаздардың тәжірибесін қадірледі. Жас мамандардың ізденісін қолдады. Өйткені жақсы басшы өзі ғана алға жүрмейді, соңынан өзгелерді де ерте біледі.
Ал өнер десе, Бекболат Әкиұлының жаны бөлек еді. Музыкаға, шығармашылыққа жақын жүріп, мектептің рухани өміріне де өзіндік өрнегін қосты. №262 мектеп-гимназиясының алғашқы Әнұранының авторы болуы – соның айқын дәлелі. Бұл ән бүгінде сол білім ордасының тарихымен бірге жасасып келе жатқан рухани мұра десек, артық емес.
«Ұстаз – келер күннің ұстасы» дейді халық. Шын мәнінде, ұстаз баланың қолына қалам ұстатып қана қоймайды, оның жүрегіне ізгілік ұялатады. Жақсы мен жаманды ажыратуға, еңбекті қадірлеуге, өнерді сүюге, елін құрметтеуге үйретеді.
Бекболат Әкиұлы басқарған мектептерде шәкірттердің білім мен өнердің, ғылым мен спорттың әр саласында биіктен көрінуі – ұстаздар еңбегінің жемісі. ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткендер, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларда топ жарғандар, «Алтын белгі» иегерлері, спорттық және шығармашылық сайыстардың жүлдегерлері – білім ордасының абыройын асқақтатты. Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда қалаларында өткен түрлі форумдар мен олимпиадаларға ұстаздар мен шәкірттердің қатысуына қолдау көрсетіп, «Бас жүлдемен» оралуына қуана білген басшының еңбегі де елеулі. Бәлкім, басшының кабинетінде отырып, мұның бәрін жасау оңай көрінер. Бірақ оның ар жағында қаншама ізденіс, қаншама жауапкершілік, қаншама адамның тағдыры мен үміті тұрғанын ұстаздық жолды көрген адам ғана түсінеді.
Бекболат Әкиұлының тағы бір қадірлі қасиеті – адамды тыңдай білуі. Ұжым мүшелерімен ақылдасып, ата-анамен байланыс орнатып, шәкірттің жағдайын назардан тыс қалдырмауы оның басшылық мәдениетін танытты. Ол үшін мектептің жетістігі – жеке басының емес, бүкіл ұжымның жеңісі еді. Жылдар жылжиды.
Мектеп қабырғасынан қаншама шәкірт қанат қақты. Бірі дәрігер, бірі мұғалім, бірі инженер, бірі өнер адамы, бірі елдің әр саласында қызмет етіп жүр. Олардың әрқайсысының жүрегінде мектеп деген ыстық ұғым, ал сол мектеппен бірге ұстаздардың бейнесі сақтаулы.
Бекболат Әкиұлы да сол шәкірттер жүрегінде қалған ұстаздардың бірі. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген сөзі бар. Бұл – Бекболат Әкиұлының ғұмыр жолына берілген баға іспетті.
Ұстаздық – уақытпен өлшенбейтін мамандық. Зейнетке шыққан күні ұстаздық аяқталмайды. Себебі ұстаздың шәкірті бар жерде оның еңбегі де, есімі де жалғаса береді.
Биыл Бекболат Әкиұлы Садуақасов жетпіс жасқа толып отыр. Бүгінде Бекболат Әкиұлы өмірлік жары Мариямен бірге отбасының берекесін көріп, бала-шағасының, немере-шөберелерінің қызығына кенеліп отырған бақытты жан.
Адамның өмірдегі ең үлкен байлығы – артында қалған жақсы аты. Ал жақсы ат атақпен емес, елге жасаған қызметпен, адамға берген шарапатпен, ұрпаққа қалдырған өнегемен өлшенеді. Бекболат Әкиұлының ғұмыр жолына қарап отырып, бір нәрсеге анық көз жеткізесің: ұстаздың биігі – қызметімен емес, шәкіртінің жетістігімен өлшенеді. Ал шәкірттері барда ұстаздың ғұмыры да жалғаса береді.

Бақытгүл Сермағанбетова,
ардагер ұстаз
ардагер ұстаз