Аралдың алтын дауысты Айгерімі
Сыр өңірі әрдайым өнерлі жастарға бай өлке екені белгілі. Солардың бірі – Арал ауданының тумасы, жас та болса сахнада талай белестерді бағындырып үлгерген талантты әнші Әйгерім Таңатова.Таяуда ғана облыстан сүйінші хабар келіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай» атты облыстық әншілер байқауынан Арал ауданынан Айгерім жүлделі ІІІ орынды жеңіп алғанын хабарлады.
Айта кетейік, ол түрлі деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, аудан, облыс, республика сахналарында өнер көрсетіп жүр.
Өнерімен елдің мерейін үстем етіп жүрген жас талант иесін бүгінгі жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
Г.САҚТАПОВА










