Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Джек Ма Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

Джек Ма Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Головкинге жолдады

   "Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын қытайлық миллиардер, Alibaba Group интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қабыл алды. Әйгілі кәсіпкер Абай Құнанбаевтың "Құлақтан кіріп, бойды алар" өлеңін қытай тілінде жатқа оқып, эстафетаны одан әрі Геннадий Головкинге жолдады.
   Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің хабарлауынша, бұл эстафетаны Джек Маға ҚР-ның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев жолдаған. Кәсіпкер эстафетаны мынадай мәтінмен бастаған:
  "Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады. Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге Абайдың өлеңін оқып беремін",- деді қытайлық миллиардер.
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/alem-alaqanda/58489/


03 қыркүйек 2019 ж. 1 001 0