Роза Әлқожаға інісі Әбдіжаппар өзінің қымбат көлігін сыйға тартты

Өнер иесі бағалы сыйлықты көпшіліктің алдында тарту етті. Әнші әпкесіне көлік мінгізу бала кезден келе жатқан арманы екенін жасырмады.
"Биікке шықсам барымды сізге беремін, армандаған көлігіңізді мінгіземін деп уәде берген едім. Өнер дейтін аламанда баптаған тұлпарыңыз жүлде алып жатса ол сіздікі. Ұстазым сіз тұрғанда мен тек биікке ұмтыламын.Алтын басыңыздың амандығын Алладан тілеймін. Дәл осындай тағдырыңыздың тәтті болған тосын сыйлары таңба болып ғұмыр пешенеңізге жазыла берсін.Туған күніңізбен", -деп ағынанан жарылды Әбдіжаппар Әлқожа.Айта кетейік, кеше Роза Әлқожа 37 жас туған күнінде Алматықаласында халықты жинап, жеке концертін берді.