
Алғашқы ұстаз
Осыдан аттай алпыс төрт жыл бұрын, 1959 жылғы 1 қыркүйекте №45 көне Бөген бастауыш мектебіне әжем мені өз қолымен жетелеп әкелді. Мектеп табалдырығынан қорқа-қорқа аттадым. Төбесін қара қағазбен жапқан бұл ғимарат о кездері әжептәуір әдемі, бұрынғы «Қаратүп» колхозының кеңсесі болатын. Енді мектеп құзырына...