Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тиесілілік құндылығы жайлы не білеміз?

Тиесілілік құндылығы жайлы не білеміз?

(Ой қозғау)
"Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет" деп Бауыржан Момышұлы  айтқандай өз Отанына деген  сүйіспеншілігін  кез-келген адам іс  әрекеті арқылы да білдіре алады. Қоғамдық  және жеке өміріміздегі көрнекті орын алатын құндылықтың бірі- тиесілілік. Бұл бір жүйелілікке байланысты шыққан тек  және өмірде маңызды орны бар белгіленген бір орын үшін немесе бір мекеме үшін немесе бір адам үшін баға беру болып табылады. Мысалы: Отанға деген тиесілілік, адам жұмыс істейтін жұмыс орнына деген тиесілілік , өз мамандығына, жанұясына, сенімге, пікірге деген тиесіліліктер болады. Өмірде әрбір мамандық иелері өзара топтасатын , араларын байланыстыратын қандай да бір ұжым немесе сондай одаққа тиесілі екенін көрсететін ұйым болатынын байқаймыз.
Өз Отанына деген тиесілілік сезімі  мен сүйіспеншілік азаматтарды  Отаны үшін барлық қарсылыққа қарамайтын, жан  беріп, жанын салуға апарады. Бұл салтанатты мерекелерде айта салатын ұлттық рухтағы ән ұран ғана емес, бейбіт заманда Отанға деген сезімін  биік ұстап, оны алға апару үшін жұмыла іс жасау дегенді білдіреді.
Ол үшін біздің оған деген құрметімізді көрсететін шынайы дәлелдер талап етіледі. Бізді қоршаған жеріміз бен көгімізді кез-келген нәрседен қорғауды талап ететіні тәрізді, айнала қоршаған ортамыздың таза болуы үшін, тұрғындардың жақсылыққа бөленуі үшін өз туған жерінің табиғатын ластанудан қорғауды әрбір адам өздеріне міндет деп білгені жөн. Бұл нені білдіреді?
Отбасымыздағы балалардың өз үйін, отырған жерін, онан қала берді көше тазалығын сақтауға баулудан басталады. Балалардың білімге , өнерге деген құштарлығын оятып, сол алатын білімі арқылы қандай да бір жұмысқа деген ынтасы ашылып, қабілеті-қарымы оянып, Отан үшін, халық бақыты үшін аянбай тер төгуге, өмірде мұқтаж боп қалған мүсәпір жандарға көмек қолын ұсынуға , мемлекеттің мүлкіне көзінің қарашығындай қарауға тәрбиелеуіміз қажет.Сонда ғана Отанымыздың беделі мен тұрақтылығы арта түсетіні анық.
Өз Отаныңа деген тиесілілік –Отанға байланысты алыс-жақын ұғымдардың барлығын қамтитын ірі құндылық.Адамның ұлылығы мен қадірі оның білімі мен рухани мәдениетімен өлшенеді. Сараң , әрі рухани болмысы жұтаң адам бай болуы мүмкін, бірақ ол дәулетімен қадірлі бола алмайды.Рухани мәдениеті бар жан адамға тиесілі нәрсенің барлығын да ой елегінен өткізе отырып, өз әрекетіне сәйкес тірлік жасайды. Алып ағаш түймедей ғана тұқымнан , ардақты адам баласы бір тамшы судан пайда болып, күн молекулалардан, терең теңіз тамшыдан құралады емес пе?! Бұдан басқа да ұсақ нәрселер мен себептерден тұратын қаншама таңқаларлық нәтижелер тууы мүмкін..! Ой жіберіп қарасақ, адам баласының  бойында құндылықтарсыз қасиеттердің дамуы болмайтынын есімізден шығармауымыз керек.Сондай құндылықтың бірі- сөз етіп отырған тиесілілік.
Мен оған қарыздармын, оған деген шексіз ризашылығымды білдіре отырып, жауап қайтаруым қажет деп ұғынған жөн. Өз туған жеріңде балалық дәуреніңді өткізіп, жақсылығына бөленіп, оның ауасымен терең дем алып тіршілік еткен соң, оның қайтарымын да ұмытпаған абзал.Отанға деген тиесілілік құндылығы көп нәрсені қамтитынын білеміз. Барлық тиесіліліктер мен сүйіспеншіліктердің барлығы ақырында өз туған еліне деген тиесіліліктің теңізіне құйып, қоғамды алға жылжыту  мен гүлдендіру тұрғысында өз ағынын толтыратыны белгілі. Қоғам үшін жасалып жатқан игілікті істердің аясында халықтың да тұрмыс-тіршілігі жақсара түспек.
Сондықтан, туған жеріміздің гүлденіп, көгалданып , таза болуы үшін әрбір жан тазалыққа ерекше мән беріп, сезінуіміз қажет. Өйткені,Отан- жүректе терең орналасқан, ерекше орны бар ұмытылмас ұғым.Жүрегі таза, көңілі көлдей, намысы биік әрбір адамның бойында өз еліне,жеріне деген махаббат берік болса, өз Отаны мен отандастарының еңсесі  жоғары, туы  мәңгі желбірейтіні анық. Ендеще, туған жерге, елге, Отанға деген құрметіміз ешқашан аласармасын! Өз Отанымыздың халыққа жасап жатқан қаншама қамқорлығын бағалап, соған лайықты өз қызметімізді жасай білуді жадымызда ұстайық!
Багила Әуезханқызы
№81 мектеп директоры
17 мамыр 2020 ж. 715 0