Хәкім Абай қатерлі дертпен қалай күрескен?

М.Әуезовтің «Абай жолы» романының «Түнтүнекте» деген тарауында бүкіл орыс губернияларын түгелге жуық қамтып, көп адамның өліміне соқтырған жұқпалы оба індетінің Семей шаһарына да келіп төндірген қаупіне қарсы Абайдың қалай күрескені жайлы баяндалады. Ақын бұл жайсыз хабарды Семейге келе жатқан сапарында кездейсоқ естиді. «Қалаға жаман ауру келіпті, адам естімеген науқастан адамдар шыбындай қырылып жатыр» деген «ұзынқұлақ» ел ішінде желдей есіп тұр екен. Абай қалаға келгеннен кейін қалаға тарап жатқан індеттің мән-жайын білмекке әуелі досы Павловтың үйіне келеді. Досының әйелі Александра дәрігер екен. Оның сұрағына досы: «бұл жұқпалы ауру әуелі Үндістаннан шығып, бүкіл Еуропаны шарлап, Ресейдің елу-алпыс губерниясын қамтып отыр. Аурудың негізгі белгілері: адам тұншығып, қол-аяғы тартылады, көздері шүңірейіп, үндері шықпай қалады. Індет ауру таңдамайды, әсіресе қарт кісілер, жас балалар мен дімкәс жандарға аса қауіпті» деп мәлімет береді. Дәрігер жұқпалы аурудың шығуына ауызсу ретінде тұтынатын өзен суының ластығы себепші екенін, одан әрі өрши түсуіне жиын-тойлар мен кісі қайтыс болғандағы жаназа рәсіміне адамдардың көп жиналып, садақа-астарда бір дастарқан басына жиналып, бірге тамақтануынан екендігін дәлелдеп түсіндіреді.
Қатерлі індеттің қауіптілігін жете түсінген Абай оны халыққа қалай түсіндіру керектігі жөнінде ойға қалады. Алдымен қаланың орталық мешітіндегі өзі білетін Сармолданы шақырып, оған жұқпалы аурудың әрі қарай таралуына себепші болып отырған той-томалақ пен жаназадағы хатым, астарды аз адаммен өткізуді түсіндіру керектігін жеткізеді. «Кісіні көп жинамай, марқұмды тез жерлеп, халықты сақтандыру қажет. Тым құрыса, мешітте намазға жығылатын, жұма күнгі құтпан намазы соңынан өсиет үгіт айтыңыз. Әсіресе шәкірттерге көп ұғындырыңыз, ата-аналарға, көршілеріне таратсын» деп тапсырады. Сармолда жұма намазына жиналған жұртшылық алдына шығып, Абайдың айтқандарын түсіндіреді: «Мәйіт шыққан үйге көп адамның келіп-кетуі болмасын. Ол үйде ас ішу, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқтатылсын» деп тапсырады. Алайда жаназаны жаңаша өткізуді көпшілік қабылдай қоймайды. Соның салдарынан обадан қайтыс болған бір кісінің жаназасына қатысқандар ішінде 2-3 халфе, молдалар бар біраз адамдар қайтыс болып кетеді. Бұған жұрт қатты елеңдеп қалады. Ертеңіне бір бай дүкеншінің жаназасына қазан-қазан ет асып, жайған дастарқанына адамдар қорқасоқтап бармай қояды. Осылайша адамдар той-жаназа рәсімдерін аз адамдармен өткізуге үйрене бастайды. Алайда обаға шалдығып өлгендер саны бұдан кейін де азаюдың орнына күннен-күнге көбейе береді. Бұған алаңдаған Абай досы Павловтың дәрігер әйелінен мұның себебін сұрайды. «Сіз алғаш келгенде ауру бұл қалаға жаңа ғана келіп жатыр еді. Мына күннің ыстығы оны үдетпей қоймайды. Ал жаназалар істерін істеп болған. Сол кезде ауру жұқтырған адамдар енді өздерінің отбасыларын дертке ұшыратып жатыр» деп жауап береді. Осы сөзден кейін ақын халыққа індеттің қауіптілігі мен сақтану жолдарын түсіндіре түсу керек деген ойға келеді. Базарды өзі аралап, халық алдына шығып, дәрігерлер берген кеңестерге құлақ асып, дұрыс тамақтану мен жеке бас тазалығын сақтау жөнінде түсіндіруге көшеді. Әрдайым беті-қолды сабындап жиі жуып тұруды, қайнаған су ішіп, қымталып жүру керектігін түсіндіреді. Көп ұзамай халық індеттен айығып, еңсесін тіктеп, бәз-баяғы қалпына түсе бастайды. Осылайша Абай атамыз біздіңше айтқанда карантин шараларын табанды түрде қолға алып, бүтіндей елді аман алып қалады. Алайда елдің бәрі бастапқыда Абайды қолдай қоймайды. Тіпті «орыстың сатқыны» деп айыптап, оның діни рәсімдерге араласуы орынсыз деп те кінәлаған.
Тарихымызда айшықталып қалған осы мысалдардың өзі бізге үлкен сабақ болуы керек, түсінсек... Мемлекет басшысының төтенше жағдайды енгізу жайлы шешімдерінің арқасында дәрігерлеріміздің өмірі мен денсаулығының өтеуімен ауыздықталған COVID-19-дың бұдан әрі өршіп кетпеуі үшін ешқандай мүмкіндік берілмеуі керек. Біз не істеу керектігін жақсы білеміз: бетперде кию, үй-жай мен жұмыс орнын дезинфекциялау, қолды жуу, адам көп жиналатын жерлерді сақтау, барлық туысты аралауды, той-томалақтарымыз бен діни рәсімдерді көп адамдарды жинамай өткізуіміз керек. Төтенше жағдай талаптарына күмәнмен қарамай, карантин шараларын бұлжытпай орындау – әр азаматтың міндеті. Амандық болса, қуаныштарымыз бен құлшылықтарымызды толыққанды орындайтын күндерге де жетерміз. Ол үшін үйде болыңыз, ретсіз шықпаңыз! Дертті және оның емін қоса жаратқан Алла тағалаға отбасыңның, ел-жұртыңның амандығы үшін дұға тілейік!

Үргенішбай Қуат