Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұқағали Мақатаевқа

Мұқағали Мақатаевқа

Өмірің өлең бір әлем,
Дауысың мәңгі жаңғырған.
Жүрегің тұнған жыр әлем,
Тамғандай тамшы жаңбырдан.

Жер көкке құшақ кергендей,
Шумағың бөлек ұйқасың.
Өмірге жігер бергендей,
Жүрекке сезім ұйытасың.

Жасқанбай қара өлеңмен,
Отанға бердің барыңды.
Қара өлеңге өлермен,
Өзіңдей болсын дарынды.

Махаббат болып тұмарың,
Музаға ғашық бар тұлғаң.
Өлең-жыр боп құмарың,
Даналық ғұмыр тартылған.

Өрнектеп ойды көлемді,
Алқыныс болған басқа да.
Келіпті жазғың өлеңді,
Қашап-ап қара тасқа да.

Әлемді жырмен шолсаң да,
Өзіңмен аға, сырласам.
Алпауыт ақын болсаң да,
Сыр аштың талай қызға сан.

Өмірге қонақ біз деген,
Мәңгілік өмір құшпаған.
Сіз салған сара ізбенен,
Қыз едім қалам ұштаған.


Индира ЖҰМАШЕВА,
Арал қаласының тұрғыны
09 ақпан 2021 ж. 354 0