Ұрпақты ұлттық рухпен сусындатқан

Қазіргі таңда қаладағы №2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында жұмыс істеп келеді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі болып жұмыс жасай жүріп, балаларға білім мен тәрбие берудегі жолын болашақтың жаңа кірпішін қалаумен тең деп санайды. Себебі бүгінгі өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа дұрыс тәрбие мен білім беру – ұстаздардың басты парызы. Оқу жолында аянбай еңбек етіп, оқушыларды шыңдай білу де ұстаздың шеберлігі. Биылғы оқу жылы Талғат үшін жетістіктерге толы болып, өте жақсы нәтежелерге қол жеткізді. Көптеген аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Оқушылары да қалыс қалмады, аудандық, облыстық, республикалық дәрежеде өз өнерлерін көрсетіп, I, II, III орындар еншіледі.Ұстаздың нағыз маман екендігін шәкірттің жеткен жеңісі көрсетеді. Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Шәкірттің мықты болғаны – ұстаздың мықтылығы деп атап айтқым келеді. Ұстазы мықты, алғыр оқушылардан алдағы уақытта үлкен азамат пен азаматша шығатынына сенімім мол. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында өсіп келе жатқан ұл мен қыздың бойына патриоттық сананы қалыптастыру аса қажет. Ата-бабаларымыз ұлан-байтақ даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған. Осындай кең-байтақ елімізді қорғау жолында отансүйгіштік қасиетін оқушы бойына қалыптастыру – әр адамның парызы, тікелей міндеті. Кейіпкеріміз Талғат та осы жолда аянбай еңбек етіп, жас буын санасына патриоттық сезім ұялатуда қалтқысыз қызмет етуде.
Әлнұр ЖАРҚЫНБАЕВ