Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шырғанақтың ерекшелігі мен емдік қасиеті

Шырғанақтың ерекшелігі мен емдік қасиеті

Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Сәуір, мамыр айларында гүлдейді. Дөнгелек, сырты етті, исі сүйкімді қызыл сүйекті жемісі болады. Дәрі жасау үшін шырғанақтың жемісін пайдаланады. Өсімдіктің жапырақтары, жемістері, тұқымдары дәрілік шикізат болып табылады. Шырғанақ микроэлементтерге бай, оның ішінде А, С, В, Е, F, К дәрумендері бар. Жемістерінің ішінде В тобының және С дәрумендері көп.
Өсімдіктің жемісінен шырғанақ майы (облепиховое масло) деген дәрі алынады. Бұл дәрі ғылыми медицинада өте жоғары бағаланады. Әсіресе радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болған терідегі жараларды емдеуде шипалық қасиеті аса күшті. Әйелдердің көптеген ауруларын осы шырғанақ майымен емдейді. Асқазанда және ұлтабарда жара пайда болғанда да осы дәрімен емдеу арқылы жақсы нәтижелерге қол жетіп жүр. Халық арасында шырғанақ жемісінің тұнбасымен асқазан ауруларын емдейді. Ревматизмді емдеу үшін шырғанақтың жемісін жапырағымен қосып қайнап тұрған суға салып, сулы тұнбасын пайдаланады.
Биіктігі 1,5-2 метр немесе қызғылт жемістері бар, биіктігі 3-4 метр кішкентай ағаш. Оның бұталары кішкентай істіктермен жабулы, ал жапырақтары жасыл түсті. Жемістері пайда болған кезде, шыбықтары ұзындығы сегіз миллиметрге жететін, қызғылтсары сопақ пішінді жемістерімен толады.
Шырғанақтың ботаникалық, дұрыс атауы бұдан да қызықты. Ежелгі Грецияда шырғанақтың бұта және жапырақтарының қайнатпасымен жылқыларды, терілері жылтыр және сау болу үшін суаратын. Осыдан пайда болған шырғанақтың нағыз атауы Hippophae, жылқы -ніppo және жылтырату -phae деген сөздерден тұрады. Шырғанақ желмен тозаңданады.
Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.
Тіс түбі босап, қанап ауырған кезде шырғанақ жапырағын 10 минут ақырын қайнатып, астан соң жылы күйінде ауызды шайып отырады. Күніне 5-6 рет. Бір апта жасаса нәтижесі көрінеді. Асқазан жарасына, эрозиялық асқазан сырқаттарына да шырғанақ майын пайдаланса, сырқаттың жылдам сауығуына ықпал жасайды.
Шырғанақ – емдеу қасиеті зор, ғажайып өсімдік. Сондықтан оны қорғап, аурулардың алдын алу, емдеу және денсаулықты сақтау мақсатында пайдалану қажет.
М. ХАКИМОВА,
Алматы қаласы
17 шілде 2021 ж. 3 420 0