Сіріңке ұстаған қыз
Аяз күшейіп, қар жауып тұрды. Көшеге қараңғылық түсіп, біртіндеп қоюлана берді. Бұл дәл Жаңа жыл алдындағы кеш болатын. Осынау суық пен қараңғылыққа қарамай, бір жалаңбас, жалаңаяқ қыз бала көшені бойлап келе жатты. Иә, ол үйден туфли киіп шыққан болатын. Бірақ ол туфли аяғына тым үлкен болғандықтан, киіп жүруіне қолайсыз еді. Бұл туфлиді оның анасы киіп жүретін. Зулап өтіп бара жатқан екі атшанадан қорқып бұрыла қашамын дегенде, туфлилері аяғынан сыпырылып түсіп қалған болатын. Біреуін қар астынан іздеп тауып алғанымен екіншісін таба алмады. Осы кезде екінші сыңарын көшеде келе жатқан бейтаныс балақай тауып алып: «Болашақта балаларым болғанда соларға таптырмайтын бесік болады екен», – деп сөйлеп тұрды да, қолтығына қысып зыта жөнелген болатын.
Сөйтіп жалаңаяқ қалған байғұс қыз алға қарай ілбіп келе жатты. Қыздың аяқтары суықтан қызара домбығып, көгеріп кетті. Қыздың ескі алжапқышының қалтасында бірнеше қорап сіреңке бар еді. Соның бір қорабын ол қолына ұстап алыпты. Күні бойы одан ешкім бір де бір қорап сіріңке сатып алған жоқ еді. Саудадан соқыр тиын да түспеді. Аштықтан бұралып, әбден жаураған қыз алға қарай жүре берді, жүре берді. Байғұс қызға қараудың өзі аянышты еді! Қар ұлпалары оның толқынданған әдемі ақ сары шашына қапалақтай қонып жатты. Бірақ оның бұл сұлулықты аңғаруға шамасы жоқ еді. Барлық үйдің терезесінен жарқырай сәуле төгіліп тұр. Қуырылған қаз етінің тәтті иісі көшені кернейді. «Бүгін Жаңа жыл алдындағы кеш еді ғой», – деп ойлады қыз бала.
Ақыры ол бір үйдің қуысындағы бұрышқа келіп отырды. Аз да болса жылынып алу үшін иығын бүрістіріп, тізесін бүгіп аяғын қымтады. Бірақ қайдан жылынсын, бұрынғыдан да жаурай бастады. Қыз бала үйге баруға қорықты. Бір де бір қорап сіріңке сатпағандықтан, үйге барса әкесі мұны жазалайды ғой! Иә, барғанымен үйінің де жып-жылы болып тұрғаны шамалы еді. Тек бас қалқа болатын шатыр ғана. Бүкіл саңылаулар мен тесіктерді сабанмен, шүберекпен бітегенсымақ болған үйдің ішін суық жел кеулей тінтіп гуілдейді.
Қыздың қолы мүлде қатып қалды. УҺ, бір тал сіріңке жақса қолы жылынып қалар еді ғой. Егер қыз бала қораптан сіріңкенің бір талын суырып ала алса, оны қораптың қабырғасына шырт еткізіп сүйкеп жіберіп тұтатса, саусақтары жылынып кетер еді! Ақыры ол қалтырай тырмысып жүріп қораптан бір тал сіріңкені алды. Шырт! Сіріңке шытырлап барып лап етті. Қыз бала отты желден алақанымен қалқалаған кезде, сіріңкенің жалыны сондай жылы да жарық болды. Қыз балаға өзінің алдында шам жанып тұрғандай елестеді. Бұл шам қызға бір түрлі таңғажайып болып көрінді: ол өзін бейне бір мыс сирақтары мен қақпағы жарқыраған үлкен темір пештің алдында отырғандай сезінді. Сіріңкеден жалын маздаған кезде қыз бала бір сәтке болса да жылынғандай болды! Ол аяғын созған кезде … от сөніп қалды. Пеш те көзден ғайып болды. Қыздың қолында жанып біткен сіріңкенің тұқылы ғана қалған еді.
Қыз бала сіріңкенің тағы бір талын тұтатты. Сіріңке маздап жанған қалпы, жарығы дәл қабырғаға түсті. Қабырға кенеттен бейне торғын тәрізді мөп-мөлдір болып көрінді. Қыз бала аппақ жиекпен көмкерілген, үстіне қымбат фарфор ыдыс тұрған, ішіне қараөрік пен алма салып қуырылған қаз еті қойылған дастарқаны бар бөлмені түгелдей көргендей болды. Бөлмеден қандай әдемі иіс аңқып тұр десеңізші! Қызық болғанда, арқасына шанышқы мен пышақ сұғылған қаздың еті кенет үстелден секіріп түсіп, теңселе басып, тура қызға қарай жүгіріп келе жатқандай болды. Осы кезде сіріңке талы таусылып сөніп кетті. Қыз бала алдыға қарағанда, сұп-суық, қалың қабырға ғана тұрған еді.
Ол тағы бір сіріңкені жаққан кезде өзін керемет үлкен шыршаның түбінде тұрғандай елестетті. Бұл қыз баланың діни рәсім кезінде әлдебір бай көпес үйінің терезесіне үңіліп қарағанда көрген шыршадан әлдеқайда биік, әлдеқайда әсем безендірілген екен. Шырша бұтақтарында мыңдаған шамшырақтар жанып тұр. Ал бұтақтың жасыл жапырақтары арасынан алабажақ суреттер көрінеді. Қыз бала бұл суреттерді ертеректе дүкеннің терезелерінен көрген. Қыз бала екі қолын бірдей шыршаға созған кезде, сіріңке сөніп қалды. От ұшқындары жоғары қарай біртіндеп көтеріле-көтеріліп барп аспандағы жарық жұлдыздарға айналып кетті. Олардың бірі кенет аспанда артынан ұзында жарық із тастай ағып құлап түсті.
– Әнеки, біреу өмірден өткен болар! – деп ойлады қыз бала. Бұл қыздың осы өмірде бар екендігіне қуанатын жалғыз адам болған марқұм әжесі мұны: «Аспаннан әлдебір жұлдыз ағып түсіп жатса, әлдекімнің жаны Құдайға қарай ұшып барады», – деп түсіндіретін еді.
Қыз бала қораптың қабырғасына тағы бір сіріңкені сүйкеді. Аппақ жарық бүкіл кеңістікті жап-жарық қылды. Сол кезде қыз баланың алдында айналадағының бәрі жайнап-жарқырап көрінді. Өте бір жап-жарық, жалт-жұлт еткен ғажайыптар арасынан ол өзінің мейірімді момақан, алақаны аялы, сүйікті әжесін көрді.
– Әжетай! – деп айқай салды, қыз бала: – Мені өзіңмен бірге ала кетші! Сіріңке сөне бере, жылы пеш, керемет дәмді қуырылған қаздың еті мен әсем де биік шырша сияқты сенің де көзден ғайып боларыңды мен жақсы білемін!
Осылай ойлаған қыз бала әжесін жібермей тоқтата тұру үшін қолында қалған барлық сіріңкені асығыс шыртылдатып жаға берді. Сіріңкелер де дәл күндізгідей жарық шашып, өте бір ашық жалынмен жарқырай жалындап жатты. Қыз бала әжесін ешқашан дәл осындай сұлу, осындай сән-салтанатты қалпында көрмеген екен! Ол қыздың қолынан ұстады. Екеуі қол ұстасқан қалпы жайнай жарқырап, онда ешқандай суық та, қорқыныш та болмайтын сонау биікке, Құдайға қарай ұша жөнелді!

Ерніндегі жымиған күлкі арылып та үлгермеген алқызыл бетті қыз бала қақаған аязды таңғы суықта үйдің бұрышында, өлі күйде әлі отыр еді. Қыз бала ескі жылдың соңғы кешінде үсіп өлді. Кішкентай мүрдеге жаңа жылда шыққан күнінің сәулесі түсті. Қыз бала қолына сіріңке ұстаған қалпы жан тапсырыпты. Бір қорабын түгелге жуық жағып үлгеріпті.
– Байғұс қыз жылынбақ болған шығар-ау, шамасы! – десті мұны көрген адамдар.
Бірақ оның өлер алдында не көргенін, қандай қуанышпен жаңа жылда әжесімен бірге аспанға жадырай көтеріліп кеткенн ешкім де сезіп білген жоқ еді.
Ганс Христиан Андерсен
(Асылбек БАЙТАНҰЛЫ)
syrboyi.kz