Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Зейнолла – ұлы тұлға

Зейнолла – ұлы тұлға

Бүтін ел, Толық адам,
Жарты ғасыр –Ілкі тарих шертуде жалпыға сыр.
Терең теңіз тарихы тебіренсе,
Толғағына салғандай толқын асыр.

Туған жерін таныған есімінен,
Қасиетін сезетін кесімінен.
Тегіне тартып өскен тарлан бабам,
Тектілігін бастаған бесігінен

Жүрек дертін өртейді жалынды өлең,
Жалынды өлең алысқан дауылменен.
Тұлғасын, я болмаса тегін емес,
Төрдегі ел қара өлеңін қадірлеген.

Сабырын қарсы қойған қара жынға,
Шындығын басым қылған таразы ұлға.
Жалпақ жұрттың тағдыры суреттелген,
Өмірілік бір жапырақ қағазында.

Түкпірінде қаласың жүрегімнің,
Зейнолла ұлы тұлға біле білгін.
Білімнің көзін ашып кеткеніңмен,
Есігін жауып кеттің бұл өмірдің

Тоғыстырған бір арна жүз бөлімді,
Сыйлаған күн шуағын күзге нұрлы.
Зейнолла ашық мектеп оқушыға,
Дәл солай сүру керек бізге өмірді.
Айбек Құндақбаев
16 ақпан 2022 ж. 878 0