Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Дарханы дара туған...»

«Дарханы дара туған...»

«Сыр елі – Жыр елі» дейміз. Шынымен де еркелей аққан Сырдарияның  жағасында жыр дариясын жанына рухани азық еткен, өнердің өзенін бұлқына ағызған халық тұрады.
Кейінгі кезеңде сол дәстүрді аспандатқан таланттардың бірі – ақын сазгер, термеші Дархан Оразымбетов. Белгілі «Аралдың адамдары» әнінде, айтылғандай «Дарханы дара туған» талант еді. Оның «Менің ағам керемет»,  «Ана», «Той бастар», «Кұдаларым-ай», «Асыл жеңгем» тағы басқа әсем әндері қазақ сахналарында үнемі орындалып келеді. Ал айтыстарда айтылған тапқыр да өрнекті сөздері ел құлағында. Өкінішке орай Дархан Оразымбетов өмірден ерте өтіп кетті.
Алайда, оның өлең-жырлары халқымен бірге жасап,әр күн сайын әфирлерден айтылып, шырқалып жүр.
Туған жер өзінің дарынды ұлдарын ұмытпайтыны, мақтаныш тұтатыны  хақ. Міне, кеше Қосжар ауылында осындағы ауылдық клубтық ұымдастырумен  «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дарабоз дарын Дархан ең...»  атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Ауылдың мәдениет ошағына ертелетіп тұрғындар жиналып, әуелі Дарханның дауысын тыңдап, бір уақ  жыр-термелерімен сусындады. Ледэкран арқылы оның өмір жолдарын тағы бір мәрте көргендей болып,естеріне алысты.
Аталмыш мүшәйраны ауылдық округ әкімі М.Әбдікерев пен Арал аудандың Мәдениет үйінің директоры Қ.Қуанышев сөз сөйлеп ашып, дара таланттың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Кезек шабыт шақырып келген ақындарға берілді. Сірә, өнерпаздың туындылары дем берген болу керек,жақсы өлеңдер легі сахнадан төгіліп,тыңдармандарын баурап алды. Мүшәйраның қорытындысындабас жүлдені ақын Алтынбек Қыстаубаевқанжығасына бөктерді.
Бірінші орынды талантты ақын қыз Аида Мырзабекова иеленді. Ал жақсы өлеңдерімен әділқазыларды селт еткізген балауса ақын, қосжарлық Меруерт Ержанова 2орынға қөтерілді. Жүлделі 3 орынды құмбазарлық Кішкене Жұмамұрат пен ескіұралық Нұртуған  Ермахан өзара бөлісті.
Мүшәйра жеңімпаздары ауылдың клубтың дипломдары мен ақшалай сыйлықтармен марапаттарды.
Туған жердің бір дарынды перзенті, есімі елімізге танымал  сазгер, ақын  Дархан Оразымбетовтің шығармашылығын насихаттауға арналған шаралар тілеулестерінің қолдауымен алдағы уақытта аудандық, облыстық көлемде аталып өтпек.

Ерғали АБДУЛЛА
14 маусым 2022 ж. 1 464 0