Домбыра
Сырлы ағаштан қидырған,Бабалардан сый болған.
Кереметті көрдің бе,
Шанағына күй толған.
Атам жырын тыңдайын,
Өнерімді шыңдайын.
Құлақ күйін келтіріп,
Мен де босқа тұрмайын.
Саусақтарым, өрмеле,
Үн тудырып пернеде.
Қос ішектен төгілсін,
Ән де, күй де, терме де.
Сергіту (флеш-моб)
Оңға қарай бұрылдық,
Солға қарай бұрылдық.
Биімізге қол соғып,
Әр қимылдың мәнін ұқ.
Оңға қарай қос қадам,
Солға қарай қос қадам.
Бізбен бірге билейді,
Барлық бала қоштаған.
Теңіздей боп шайқалдық,
Мұхиттай боп шайқалдық.
Жапырақ боп сыбдырлап,
Жауқазын боп жайқалдық.
Бәйтеректей биікпіз,
Көк аспанды сүйіппіз.
Шөл даланың еркесі –
Желден жүйрік киікпіз.
Жалқаулықты білмейміз,
Қол ұстасып билейміз.
Біз көмекке дайынбыз,
Тектен-текке жүрмейміз.
Міне, бізге қараңыз,
Қадам басып барамыз.
Болашақтың жолында
Ажырамас арамыз.
Ерғали Абдулла
Кереметті көрдің бе,
Шанағына күй толған.
Атам жырын тыңдайын,
Өнерімді шыңдайын.
Құлақ күйін келтіріп,
Мен де босқа тұрмайын.
Саусақтарым, өрмеле,
Үн тудырып пернеде.
Қос ішектен төгілсін,
Ән де, күй де, терме де.
Сергіту (флеш-моб)
Оңға қарай бұрылдық,
Солға қарай бұрылдық.
Биімізге қол соғып,
Әр қимылдың мәнін ұқ.
Оңға қарай қос қадам,
Солға қарай қос қадам.
Бізбен бірге билейді,
Барлық бала қоштаған.
Теңіздей боп шайқалдық,
Мұхиттай боп шайқалдық.
Жапырақ боп сыбдырлап,
Жауқазын боп жайқалдық.
Бәйтеректей биікпіз,
Көк аспанды сүйіппіз.
Шөл даланың еркесі –
Желден жүйрік киікпіз.
Жалқаулықты білмейміз,
Қол ұстасып билейміз.
Біз көмекке дайынбыз,
Тектен-текке жүрмейміз.
Міне, бізге қараңыз,
Қадам басып барамыз.
Болашақтың жолында
Ажырамас арамыз.
Ерғали Абдулла