Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қыз айттыру – қазақ халқының атадан келе жатқан дәстүрі

Қыз айттыру – қазақ халқының атадан келе жатқан дәстүрі

Қазақ  халқы  - ғасырлар бойы халық тұрмысымен  біте қайнасқан салт –дәстүрлерімен дараланған ерекше ұлт.
Қазақ дәстүрлерінің түбіне үнілсек, барлығында  дерлік сыйластықты,қадірлестікті арттыру,туысқандық сезімдерді бекіту түсу сынды аса ізгі, игілікті  ниет жатады. Сондай бір дәстүрлердің бірі қыз айттыру дәстүрі.
Халқымызда  әр ата-ана өз ұлының болашақтағы қалындығын, тенің,өмірлік серігін  ертелек ойлап, іздей бастаған. «Гүл өссе жер әдемі,қыз өссе ел әдемі» демекші қыз баланы айттыру  салт-дәстүрінің тарихы теренде жатыр.
Қыз айттыру дәстүрі бойынша ұл жағы болашақ құдасын  орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі  ауылдан қарай бастаған. Ертеректе тұқымында, немесе тегінде ауруы  бар отбасының қыздарына  сөз салмаған.
Өздеріне лайықты деген  адамдарына барып,балаларының  болашағы туралы әңгіме қозғалып, өздерінің құда болғысы  келетін ниеттерін  білдірген. Мұны «қыз айттыру» дәстүрі дейді.
         Бұл жолдың да түрлі ереже, тәртіптері бар. Мысалы: Егер балалар (ұл,қыз) жас болса, тіпті іште жатса да ертелек келіп сөз байласады екен. Көбінесе мұндай жандар  бірін –бір жақсы  білетін, өте сыйлы  дос кісілер  арасында болауы мүмкін. Олар алдымен іште  жатқан  балаларын  бір –біріне  қосу туралы  келіседі. Бұл дәстүрті «бел құда» деп санайды.
Кейде қыз алған құда енді сол үйге  өз қызын беретін болса мұны «қарсы құда»-дейді. Бұрынғы заманда құда болған кісілер  құдалықты тағы жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту»  деп атайды екен. Болашақта қыз бойжеткен,ұл ержеткен жағдайда  екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалынатын болған.
Қазақтың ертеден белгіленген заңдылығы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды, қазақтың тағы  бір жазылмаған заңы бойынша - әйел күйеуден сегіс жас, еркек әйелден  жиырма жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмегендігі айтылады. Сондай-ақ, әмеңгерлік жолда  мұндай  некелік  ережерелі  мен шектеулерге  қарамайтын жайлар да  ертеректе  көп жағдайларда  болған.
Корыта келгенде, қазақтың әрбір салт- дәстүрлерінің орны ерекше, «қыз айттыру»  баталасу,  екі жас отаудың беріктігі, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды, біздің  ата -бабалардан мирас болып қалған ұлттық салт – дәстүрлер, ұрпақтан  ұрпаққа  сабақтасып  беріліп заманмен бірге  жанарып жаңа сипат алатына хақ.

А.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ
22 қараша 2022 ж. 1 487 0