Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Талантымен танылған

Талантымен танылған

Қайбір елдің болмасын ұлттық болмысында музыка өнерінің алатын орыны ерекше. Ұлттың ұлылығын да өзгеге ұқсамас айрықша қасиетін де танытатын осы киелі өнер. Біздің де сан ғасырдан жалғасқан төл өнеріміздің шашауын шығармай ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде талантты музыканнатармыздың еңбегі өлшеусіз. Сондай жандардың бірі аудандық өнер мектебінің мұғалімі, сазгер Октябрь Ізбанов.

Киелі өнерді бойға дарытқан Октябрь Ізбанов 1965 жылы 7 қазанда Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келеді. Заманында ол дүниеге келген күн констетуция күні болып тойлатын болған. Сол себепті айтулы күні өмір есігін ашқан ұлыны әкесі «Октябрь» деп ат береді. Ауылдағы мектепті бітірген соң өнерге құмар болып сөкен бозбала өзінің шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында оқуға аттанады.
– Негізінен мен ата анамнан ерте айырылдым. Анам өмірден озғанда тіпті жөргектегеі бала болғам. Ал әкем бірінші сыныпта оқып жүрген шағымды дүниеден озды. Көзкөргендердің айтуынша әкем домбырада ойнайтын болған екен. Тіпті менің де әкемнің домбыра шертіп отырған кездері есімде бар. Бірақ ол кезде мән бермеген екенмін. Кейін ауылдағы өнерлі азаматтардың қасында жүріп, соларға қызығып домбырада ойнай бастадым. Бірақ мынау менің ұстазым деп айта алмаймын. Бәрін өз бетімше үйрендім. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде бұл өнерім шыңдала түсті. Осылайша болашағымды музыкамен байланыстырып әкеттім. Кейін, 1990 жылы Ақтөбе қаласындағы мәдениет ағарту колледжінің музика бөліміне оқуға түстім, - деді Октябрь Ізбанов.
Оқу орынын бітіріп келген соң 1993 жылдан бастап аудандық өнер мектебінде жұмысқа орналасады. Содан бері 27 жылдан астам уақыт оқушыларды домбыраға шертуге үйретіп келеді. Бұған қоса, аудандағы өнер иелерінен құрылған Қазанғап ұлт аспаптар орестрінің белді мүшесі. Октябрь аға домбырашы, әншілігімен қатар сазгерлік қырымен де көпшілікке таныс. Оның авторлығынан туған 15-тен астам ән бар.
– Көбіне Ерғали Абдулла, Шолпан Балманова, Аманқос Есмырзаев сынды ақындардың өлеңдеріне ән жазып жүрмін. Негізінен 2009 жылдан бастап ән жаза бастадым. Ол да аяқ астынан пайда болды десем де болады. Сол кезде мектепте оқитын қызым Нұрбала ән айтушы еді. Сол өтініші жасады «Папа маған ұстаз туралы өзгеше бір ән тауып беріңізші» деп. Әрі бері қарап көрдім. Бәрі ел жадында жатталған бұрынан келе жатқан әндер екен. Содан ең алғашқы рет ұстазым әні өмірге келді. Онан соі біртіндеп жаңа әндердің тұсауы кесіле бастады, - дейді ол.
Ол біздің «Толқын» газетінің 90 жылдығына арналаған «Толқыным» әнінің де сазын жазды. Осылайша төл баспаға керемет тарту жасады. Әннің қалай өмірге келгені туралы да әңгімелеп берген еді.
– «Толқын» газетін ес білгенен бастап білеміз. Ауданның бар жаңалығын толқынан оқып отырамыз. Аудандағы жалғыз баспамыздың 90 жылдық мерейтойы дегенде үнсіз қалғым келмеді. Бірақ бастапқыда жүрегім дауаламай көп жүрдім. Не дегенмен мұнда қаншама мықты азаматтар жұмыс жасаған ауданның айнасы болған соң елдің назары түсетінін білдім. Көпшіліктің көңілінен шықпай қалса қайтемін деген ой болды. Не керек, тәуекелге бел буып кірісіп кеттім. Бір жарым айға жуық уақытта ән толыққанда өмірге келді. Көптің көңілінен шықты, - деген сазгер мұны үлкен жетістікке балайды.
Октябрь Ізбановтың балалары да өнерден құр алақан емес. Бес баласы да әке жолын жалғаған. Еліміздің әр түкпірінде бірі өнер саласында қызмет етіп жүрсе, енді бірі өнер академиясының студенті.
Төл мәдениетімізді төрге сүйреп, өнерлі жастарға бағыт-бағдар беріп жүрген ағамыздың жеткен жетістіктерді да баршылық. Респуликалық, облыстық, аудандық жарыстарда топ жарғаны үшін алғыс хаттармен, медальдармен марапатталған. Ал 2020 жылы аудандағы З. Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестік атынан «Жылдың үздік сазгері» атанды.
Ол жетістікке масаттанбайды. Қарапайым, адами болмысынан айнымаған жанды да құрметті еткен осы болса керек. Үнемі шығармашылығын шыңдап отырады. Алдағы уақытта жеке ән кешімді өткізсем деген жоспары да жоқ емес. Бәрін уақыттың еншісіне тапсырған өнер адамының жүрек түкпірінен әлі де талай тамаша туындылар өмірге келері сөзсіз.  
Н. Марат
07 желтоқсан 2022 ж. 1 022 0