Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауылдың арда азаматы

Ауылдың арда азаматы

Біз көбіне «ауылына қарап азаматын таны» деп жатамыз, ал осыны керісінше «азаматына қарап ауылын таны» деуге де болады. Өйткені ауылды түрлендіретін де, гүлдендіретін де ауылдың атқа мінген азаматтары, елді ел ететін де сол ауыл¬дың еңбек¬қор, бейнетқор ерлері екені бел¬гілі. Бұл ретте кезінде өзі туып-өскен Сазды, Шижаға ауылдары¬ның өсіп-өркендеуіне бір азаматтай үлес қосқан Жүсіпәли Бай¬деуовті айтар едік.
Жүсіпәли 1927 жылы қиын-қыстау кезеңде, әкесі Байдеу мен шешесі Күнасылдың шаңырағында, ауыл малшысының отбасында дүниеге келді. Алда 1932 жылғы қазақты қынадай қырған ашаршылық жылдары тұрды. Үйдің арқасүйер азаматы Байдеу 1930 жылы қайтыс болып, бар ауыртпалық анасы Күнасылдың мойнына мінді. Бір тістем нанға, бір асым тамаққа зар болған ашаршылық жылдар артта қалып жатты. Бала дегенде жүрегін жұлып беретін аяулы ананың жанкешті еңбегінің арқасында Жүсіпәли екі апасы, бір қарындасымен аман-есен өсіп жатты. Ел еңсесін енді тіктей бергенде "жығылғанға жұдырық" деген¬дей, 1941 жылдың қанқұйлы соғысы басталып кетті.
Бес жасында ашаршылыққа, 14 жасында Ұлы Отан соғысына тап болған Жүсіпәли ерте есейіп, жастық шағы жанкешті еңбектің бел ортасында өтті. Колхоз мүше¬сі боп тірке¬ліп, әке орнына жарады. Өзіне қандай жұмыс тапсырыл¬са да оны тиянақты орындап, тындырымды, белсенді қасиеттерімен ерекше көзге түсті. 1949 жылға дейін колхозда жұмысшы болып жүрген Жүсіпәли өзінің зеректігін таны¬тып, есепшілік қызметке тағайындалды. Сөйтіп, колхоздың бар қаржылық жұмысын қолына ал¬ып, бір тиынын да ысырапқа жібермей қатаң бақылап отырды. Зор сенім артқан колхоз төрағасы Жүсіпәлиді ферма меңгерушілігіне жоғарылат¬ты. Бұл жұмыста да ол өз қабілетімен ерекше көзге түсті. Жастай¬ынан шаруақор, еңбекқор жан болып өскен Жүсіпәли колхоздың да, ауылдың да өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, жанашыр жанның бірі болып таныла білді. Соған сәйкес Жүсіпәлиге зор сенім артылып, қызмет сатысы да жылдан жылға жоғарылай түсті.
1951 жылы Сазды ауылдық кеңесіне хатшы болып тағайындалған Жүсіпәли 1958 жылы Октябрь ауылдық кеңесіне хатшы болып ауысып, Шижаға елді мекеніне көшіп келді. Сол кездегі ауылдық кеңес төрағалары Нағыметолла Балапанов, Рысалды Тұрымбетовтермен бірге жұмыс істеген, мол тәжірибе жинақтаған Жүсіпәлиге 1976 жылы Октябрь ауылдық кеңесінің төрағалық қызметі сеніп тапсырылды. Ол бұл жұмысты зейнетке шыққанша 1987 жылға дейін абыройлы атқарды. Ауылдың саяси-әлеуметтік жұмыстарымен бірге ауылдық кеңеске жүктелер тағы бір міндет ол – жеке тұрғындардан ет, сүт, май сияқты мал шаруашылығының өнімдерін жинап, мемлекетке тапсыру. Бұл жөнінде жоғарыдан бекітілген арнайы жоспар бар. Октябрь ауылдық кеңесі бұл міндеттерді де жыл сайын абыройлы орындап, аудандық кеңестер арасында бірнеше рет жең¬імпаз атанып, алдыңғы қатардан көрініп отырды. Сон¬ың нәтиже¬сінде Ж.Байдеуов бірнеше рет аудандық кеңестің депутаты болып сайланып, белсенділік таныт¬ты.
Байдеуов Жүсіпәли ауылдың айтулы азаматы болумен қатар, отбасында зайыбы Ұлмекенмен екеуі өмірге үш ұл, төрт қыз әкеліп, өнегелі өсірген шапағаты мол шаңырақ иесі. Үлкен ұлы Байдеуов Сайлаубек – аудан әкімінің орынбасары, қаладағы іргелі кәсіпорын – Кеме жөндеу зауыты директорының орынбасары, Батыс Қазақстан теміржолында бақылаушы ревизорлық қызмет атқарып, зейнетке шықты. Екінші ұлы Айдарбек Октябрь ауылдық округі әкімдігінде жауапты қызмет атқарған зейнеткер. Мараты – заман талабына сай кәсіпкер. Ал қыздары Роза, Сәуле, Бақыткүл, Жанат болса, бірі ұстаз, бірі есепші, балаларының бәрі де жоғары білімді жандар.
Өзімен бірге өзі туып-өскен еліне қызмет атқарып жатқан осыншама ұрпағы барда, оның көз көрген ауылдастары, халқы барда Жүсіпәли ел жадынан ешқашан өшпек емес. Бұл жөнінде ел ағасы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сматуллаевтың пікірін тыңдадық.
– Жүсіпәли Байдеуовті бала кезден білеміз. Осы Октябрь ауылдық кеңесінде хатшы, кейін төраға болып қызмет атқарды. Мен ол кезде шаруашылықта автогараж меңгерушісі едім. Өте еңбекқор, кім-кімге де қамқорлығы мол ақеден жан еді. Оның елге сіңір¬ген еңбегі де ерекше. Ондай жандарды ұмытуға болмайды. Сондықтан осы Шижаға ауылының бір көшесіне Жүсіпәли Байдеуовтің есімі берілсе деймін. Өмір¬ден өткен ел ағаларын бүгінгі ұрпақ біліп жүргені дұрыс.
Бұл пікірді ауылдың белгілі ақсақалы Нұраш Алманов та қолдады.
– Мен ол кездері ферма меңгерушісі болып қызмет атқаратынмын. Жүсіпәли ағамыз ауылдық кеңес төрағасы. Бір ауылда, бір шаруашылықта жүрген соң білеміз ғой, өз қызметіне адал, халыққа қамқор айтулы азамат болатын. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыттың пікіріне мен де қосыламын. Мұндай азаматтарға қандай қамқорлық жасасақ та артық емес.
Ауылдың өсіп-өркендеуіне сол жердің бір перзенті ретінде парызын адал атқарып, өлшеусіз өз үлесін қосқан, қатардағы колхозшыдан басшылық қызметке дейін көтерілген, елде колхоз, совхоз құруды ұйымдастыру жұмыстарының бел ортасында жүріп, аянбай атсалысқан, бірнеше дүркін халық қалаулы¬сы атанып, абырой биігінен көрін¬ген Жүсіпәли Байдеуовтей ауылдың арда азаматы қандай құрметке де лайықты. Ауыл ақсақалдарының пікірі ел тілегі десек, ол ескерусіз қалмаса екен дейміз.
Жұмабай ЖАҚЫП
10 қаңтар 2023 ж. 1 084 0