Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі

Қайыспас

Қайыспас
(Шымкентбай Жылмағанбетовке арнаймын) 
Қаламыңнан сырлы сөздер елге жеткен,
«Азамат» деп елің де еркелеткен.
Талантың ғой бойдағы Құдай берген,
Жұрт алдында өзіңді көркем еткен.
Кішіге ұстаз, үлкенді ағаладың,
Бөлмедің, руына қарамадың.
Талабы бар жастардың көзін ашып,
Табиғи дарынын да бағаладың.
Дұшпандарың алысты, берілмедің,
Соққанменен жан-жақтан, жеңілмедің.
Айбатыңмен олардың мысын басып,
Күндіз-түні жазудан ерінбедің.
Мойыма, жеңілме көп жебірлерден,
Сүрінбей өт, соқпақты белеңдерден.
Елің үшін аянбай еңбек етіп,
Шыға білдің айдынды көңілдерден.
Ауыр салмақ түспегей жүрегіңе,
Сызатта түспесе екен түр-өңіңе.
Дос-жараның қосылар 70-іңде,
Өзіңе деп арнаған тілегіме
Айтөре Бәсібеков,
Тараз қаласы

08 желтоқсан 2023 ж. 1 350 0