«Алғашқы құрбан» қолға тигенде...

Бес бөлімнен тұратын кітап¬тың бірінші бөлімі батыр, баба¬ларына, олардың өмірі мен билік, батырлық, жаугершілік жолдар¬ына арналған. ХVІІІ ғасырдың бір¬інші жартысында қазақ елі бір жағынан жоңғар шапқыншы¬лы¬ғының ауыр зардабын тартса, екінші жағынан Ресей империя-сының отаршылдық саясатына қар¬сы күресіп, ауыр кезеңдерді басынан өткізіп жатты. Осынау қиын заманда еліміздің тәуелсіз¬дігі, халқымыздың азаттығы жол¬ында талай баһадүр батырлары¬мыз бен ел қорғаған ерлеріміз ұр¬ыс даласында ұрандатып шай¬қас¬та шейіт болды.
Бұл жөнінде Қазақстан Рес¬пуᬬликасының ұлттық ғылым акаде-миясының академигі, тарих ғыл¬ым¬дарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың: «Қазақ бат¬ыры Байғара Қожасұлы – Рес¬ей империясына қарсы күрестің алғашқы құрбаны» деп бағалауы соның айғағы. Батыр бабасы Бай-ғара Қожасұлының өміржолын баяндайтын деректі хикаятпен басталған кітаптың «Алғашқы құрбан» аталуы да осыдан туын¬дайды.
Деректі хикая деректерге мол, сенімді, нанымды жазылған. «Су¬ыт жүрісті бес жүз сарбаз таң біл¬іне Ембіге келіп жетті. Жасақ¬тың алдында келе жатқан Бай¬ғара немере інісі Ақша бастаған топқа жасақты тоқтатуға жар¬лық берді. Жылымшықтай аға¬тын арнасы тар, суы тайыз Ембі өзенінің жағасына ат шалдырып, тыныс алған жасақ атқа қайта қонды. Осыдан бір жеті бұрын Ойылда жатқан Баймұрат батыр¬дан хабар келген болатын. Хабар жеткізген Қараның айтуынша, мың қаралы жасағы бар атаман Самсонов бастаған қарулы казак¬тар Жайықтан өтіп, Қаратөбеге қарай бет алыпты. Қазактарға той¬тарыс беріп, Жайықтың арғы бетіне қуып тастау мақсатында Баймұрат батыр мен Байғара батыр Ойылда кездесіп, күш бірік¬тірмек...»
Осылай басталған деректі хи¬кая Байғара мен Баймұрат батыр¬лардың бес жүз жасағының Сам¬соновтың мыңға жуық қарулы қол¬ымен шайқасына ұласады. Ұр¬ыс барысында Байғара батыр казак атаманы Самсоновпен жек-пе-жекке келіп, қылышпен шауып өлтірді. Басшысынан айырылған казактар басы бірікпей, быт-шыт боп ыдырай қаша жөнеледі. Ел ты¬ныштығын бұзған казактарды Жайықтан асыра қуған Байғара мен Баймұрат батырлардың бұл ер¬лігі Кіші жүзде олардың мерей¬ін үстем ете білді.
Осы уақыттар Әбілхайыр хан¬ның «Орыс империясына өз ерік-терімізбен қосылайық» деген сөзі ел ішінде желдей есіп тұрған-ды. Артынан-ақ "Петербордан Әбіл¬хайырмен келісім жасауға Пат¬ша¬ның сенімді өкілі Тевкелев шы¬ғыпты" деген хабар Байқараларға да жетеді. Хан ордасы Маңтө-беге орнығып, оны башқұрт жа¬сақтары қорғап тұрды. Байғара¬ның ендігі мақсаты Маңтөбені қоршауға алып, хан ордасына Тевкелев тобын кіргізбеу. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның Ресей им¬периясына қосылудағы Патша ағзаммен өзара келісімін болдыр¬мау еді.
Мұны сезіп қалған Әбілхайыр хан Тев¬ке¬левтің тобын Маңтөбе¬де емес, қауіпсіз жерде, оған жақын Нұрада қабылдады. Бұл уақыт¬та Байғара мен Бай¬мұрат жасақтарының хан ордасын қорғаған башқұрттармен қан кеш¬ті ұрыс басталып кеткен еді. Маңтөбеде Әбілхайыр мен Тевкел¬евтің жоқ екенін, алда¬нып қалғанын кеш ұқ¬қан Байғара қатты өкін¬ді. Шегінуді білмейтін қос батыр ақыры осы шайқастан жау оғынан қаза тапты.
Мұны естіген Тев¬ке¬лев Ресейге қосылу жөн¬індегі сенім грамо¬тасына Әбілхайырды көндіре отырып, жед¬ел¬дете қол қойдырып, қашқан башқұрттар¬дың соңын ала бере Ресейге жол тартты. Хикаятта Байғара батырдың ата-тегі, жақ¬ын туыстары, бар майданда бірге жүрген бауырлары, сүйікті жа¬ры Шынармен қосылуы, Нұралы сұлтан бейнесі, Болай ханымның Байғараға деген көзқарасы, Әбіл¬хайырханның ішкі толғанысы – бәрі-бәрі Байғара батырдың Рес¬ей империясына Кіші жүздің қос¬ылуына қарсы ұлы жарғы бары¬сында ұтымды суреттеліп баян¬да¬лады.
Оны мына жолдардан-ақ ай¬қын аңғаруға болады: «Кіші жүз¬ге айтарлықтай ықпал етіп отыр¬ған Әлім руы енді теріс айналары сөзсіз. Байғараның өлімі бірлігі¬мізді тас-талқан етті. Енді Ресейге арқа сүйеуден басқа амал қалма¬ды. Заман да, адам да өзгерді. Бола¬шақ ұрпақ біз туралы не дейді» Әбілхайырды мазалаған осы еді...
Шынына келгенде Кіші жүз¬дің Ресей империясына қосылуы¬ның себеп-салдары, мақсаты мен мәні осы кездері бір ғана Әбіл¬хайырды мазаласа, ол әлі күнге дейін өз шешімін таппай келе жатқан, бүгінгі ұрпақ - біздерді де мазалап, бас ауруымызға ай¬налып отырған күрделі мәселе емес пе?
Жазушының шығармашылық шеберлігінің шыңы да қиялының кеңдігі, ойының өткірлігі міне, осында деп білем. Хикаяның тілі де жатық, кедір-бұдыры жоқ. Бей¬не-бір атақты жазушылар Әбіш Кекілбаевтың «Үркерін» Ілияс Есенберлиннің «Көшпенді¬лерін» оқып отырғандай әсер аласың.
Шағын деректі хикая демесең, бұл шығарманы ел тәуелсіздігін аңсаған би, батыр бейнелі кейіп¬керлері, жоңғар шапқыншылығы мен Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күресі, сол кез¬дегі қазақ тарихындағы ұлы хи¬кая¬лармен ұштасқан қилы кезең¬дері баяндалған үлкен бір повес¬тің немесе романның жүгін көтер¬іп тұрған құнды туынды деуге болады.
Екінші бөлім «Мың құбылған дүние» деп аталады. Мұнда алуан тақ-ырыптағы әңгімелер топтас¬тыр¬ылған. «Үзілген үміт» деп бас¬талатын әңгіменің өзі аянышты-ақ.
Жамал ана күйеуі Сүйіндіктен үш бала көреді, бірақ бәрі де тұр¬мады. Содан зарығып көргені осы Жалғасы еді. Ер жетіп, әскер қа¬тарына алынып, енді қайтатын уақ¬ыты да болған. Сол жалғызы Аралға келіпті деген хабарды ес¬тіген ана екі-үш күн күтті, келме¬ді. Жалғасын көруге зарыққан Жамал шыдамады. «Жыңғылды¬дан» қалаға тартты.
Аралда екі-үш күн кідіріп қал¬ған Жалғас та келесі көлікті күтуге шыдамай анасын көруге асығып, бұл да Аралдан Қарақұмдағы ау¬ылы «Жыңғылдыны» бетке алды. Аралары екі жүз шақырым. Күн ыс¬тық, аптапты аңызақ дала. Ал¬ған сулары таусылды. Бірі қала¬дан, бірі ауылдан шыққан ана мен бала бір-біріне қауышар емес. Бойдан әл, аяқтан күш кете бас¬тады. Адым жер азапқа айналды. Екеуі де сұлық құлады. Әңгіме былай аяқталады: «Ана мен баланың арасын бөліп тұрған биік көк төбе. Құдай қуат беріп, енді бір ұмтылғанда бір-біріне қауы¬шары анық еді. Алайда қатыгез тағдыр ана мен балаға қауышуды жазбапты. Тағдыр жолы осылай болса амал не?»
Күн ұясынан әлдеқашан бат¬қан. Кешкі ымырт қараңғылық жер бетін тұмшалап келе жатты. Ымырт қараңғылығы тұмшалаған жер бетінде мәңгі қараңғылыққа еніп бара жатқан ана мен бала тағ¬дыры аянышты-ақ. Табиғат пен адам әдемі табысқан, әсерлі сөз сурет. Бұл да қаламгердің шебер¬лігі.
Келесі «Жетім торы» әңгімесі желден жүйрік жылқы жануар¬ының тағдырына арналған. Қанша әрекеттенгенмен енесі емізбеген жаңа туған құлынды қолда бағуға тура келеді. Жас құлын қол бала¬дай, қолға тез үйреніп кетеді. Сөйтіп оны түсіне қарап «Жетім торы» деп атап кетеді. Жет¬ім торы тай болады, құнан, дөнен шығып келісті ат болады. Құнанында құнан бәйгенің алдын бер¬меген жетім торыны дөненінде үйірге са¬лады. Онымен қас¬қыр аулауға да шы¬ғып, талай арландар¬дың адымын аштыр¬май жетіп сойылмен соғып алғандары бар. Әбден жетілген жетім торыны бабына кел-тіре баптап аламан бәйгеге де қосады. Мұнда да бәйгенің ал¬дын бермей, атаққа ілінеді. Сөйткен жел¬ден жүйрік Жетім то¬ры бір күні үйірде жоқ боп шығады. Із кеседі. Қараса екі қас¬¬қырдың үйірге ти¬генін байқайды. Үйі¬рін қорғаған жетім торы екі қасқырмен бір өзі айқасады. Мұ¬нан әрі автор был¬ай баяндайды:
«Үй¬ір¬ден бөлініп, екі қасқырға ұмтылған Жетім торы¬ның ізі айыш-ұйқыш сайрап жат¬ыр. Осы жерде шайқас болғаны аңғарыла¬ды. Жетім торы біраз ай¬қасып барып, кішкентай мұзды таты¬раш¬қа тайып жығылыпты. Төрт аяғы төрт жақта, қанша ұм¬тылса да тұра алмаған. Қасқырлар Жетім торының қоң етін түгел ой¬ып жепті... Әлі күнге дейін Жетім торыны түсімде көремін. Кісіне¬ген дауысы менен ұзап бара жат¬қандай».
Әңгімені осылай әсерлі аяқ¬тау, әдемі түйіндеу Иманбайдың өзіне тән әдебі, әдеті, шеберлігі десе болар.
Ал «Егіндіқақта» егіншілікке бет бұрған ел тағдыры, ауыл адам-дарының берекелі бастамасы әңгімеге арқау болған... 1932 жыл¬дың көктемі. «Алға» колхоз¬ының мүшесі Құлжа Тәуіпке бар¬ып Ырғыз өзенінің бір саласынан егін егетін жер іздеп, ыңғайлы үл¬кен алқап табады. Суы келіп тұр, жері шұрайлы тың. Тек еңбектену керек. «Жолым болды, іздегенім табылды, ел несібесі осы жер»деген Құлжа ауылына келіп, жи¬ырма шақты үйден отыздай адам¬ды ертіп, аттылы, түйелі, жаяулап межелі егістік жерге жетеді. Қос¬танып алған ауыл адамдары жүз гектардай жерді жеделдете өң¬деп, тары мен бидай дәнін сеуіп, бетін тырмалап тастайды. Бір суа¬рып алғаннан кейін-ақ егіннің көгі едәуір көтеріліп, көңілде¬гі¬дей болды. Қақтың суымен сура¬лы-ған бұл жерді тұрғындар енді «Егіндіқақ» деп атап кетті.
Тамыз айында егінге орақ салған ауылдастар астықтың ас¬тында қалды. Көшіп келген жи¬ырма отбасы әрқайсысы жүз пұт¬тан астық алды. Үш жарым мың пұт тұқымдық дәнін келесі көктемге қоймаға тықты. Керек-жарақ, мал мүлік аламыз деп көрші үш колхозға сататын сегіз мың пұт астықты өз алдына был¬ай қойды. Дәннің нәрлі дәмін татқан ауылдастар «Егіндіқақ¬ты» еншілеп, оған жақын Барша¬құмнан жиырма шақты бастыр¬ма қазып, келесі жылы егін егуге жерленіп қалды. Қарақұм қой¬нау¬ындағы бір қауым ел осылай¬ша 30-шы жылдардың ашаршыл¬ығынан аман қалды.
Қияға ұя салып, балапан¬дар¬ын қанаттандырған текті қыран¬дар¬дың өмірі мен даланың көк бөрісі арлан қасқырлармен кекті шайқастарын бейнелейтін «Қыр¬андар қырғыны», қасқыр аулаған қақпаншы Төлебайдың қырағы іс-әркеттерін әңгімелейтін «Қақ¬паншы», атының мойын омырт¬қасын үзіп, егасы Ержігіттің қор¬¬ғаған қолын сындырып, көзіне қанжар қадаған Ақбураның аду¬ын мінезі мен кекті қылығын су¬реттейтін «Ақбура» әңгімелері де бейнелі дүниелер. Сондай-ақ ауылдағы мал ұрлығы жайлы жазылған «Қастандық», «Қара¬қ¬шылар», «Жат жерде өлгеннен, өз топырағымда өлгенім артық» деп шешкен, Қарақұмның қуыс-қол¬тығын паналап соғыстан қашқан, бір үйдің жалғызы Жайлаубай¬дың тағдырына арналған «Қаш¬қын» әңгімелері де оқуға тұрар¬лық. Мұндағы барлық әңгімелер өмірде болған, бірқатарын өзі көрген, көрмегені болса ел ау¬зынан естіген оқиғалар. Мұндай әңгіме, оқиғалар, іздесең әр ау¬ылда да бар. Бір өкініштісі, олар¬дың көбінде көрген, білгенін зер¬делеп, термелеп, тебірене жаза¬тын, ел тарихын кейінгі ұрпаққа тасқа басып қалдыра¬тын Иман¬байлары аз.
Тағы бір құптарлық тұс, кіт¬ап¬тағы хикаят пен әңгімелердің тілі көркем, баяндауы байсалды, шеберлігі шұбалаңқы емес, ши¬рақ, жұп-жұмыр, кейіпкерлері жалаң емес, табиғатпен тамырла¬сып, үндесіп, тілдесіп, суретші-нің қыл қаламы бейнелеген көр¬кем көріністей бірге суреттелеп, бірге баяндалады.
«Кеудесі жақсылардың алтын сандық» атты үшінші бөлімде қай¬сар қаламгер Зейнолла Шүк¬ір¬ов, фантаст-жазушы Абдул-Хамит Мархабаев, жазушы-жур¬налист Жақсылық Түменбаев, ақын Серік Сейітмағамбетов, журналист Сахитжан Бердіма¬ған¬бетовтармен бірге болған қай¬таланбас сәттерін, есті естел¬іктерін әдемі де әсерлі баяндай¬ды.
«Туған жер алтын бесік» деп аталатын төртінші бөлім Қара¬құмда қала тұрғызып, ауылдың шаруашылығы мен мәдение¬тінің гүлденуіне бірден бір үлес қосқан, атақ-даңқтары ауылдан асып аудан, облыс, республика көлеміне шарықтап жеткен Қара¬құмның атақты адамдарының өмірі мен еңбектеріне арналса, бес¬інші бөлімдегі «Ой орамдар¬ында» да алтындай сыр, қасиетті тұмардай тұжырым, қысқа да нұс¬қа, парасатты пайымдар бар¬шылық.
Қысқасы жазушы-журна¬лист, ардагер ұстаз Иманбай Әй¬тімовтың «Алғашқы құрбан» атты кітабы өз оқырмандарына таңдап ұсынған алғашқы тартуы, имандай жан сыры, именбей бер¬етін көркем қолтаңбасы.
Жұмабай ЖАҚЫП,
Қазақстанның Құрметті журналисі