Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

Отанымды бақытына балаймын,
Келешекке зор үмітпен қараймын.
Ата-анаң саған бәрін арнады,
Алғысын ал, батасын ал талайдың.

Адам болу, арлы болу тілегің,
Өмір ғажап деп соқсын дәйім жүрегің.
Мұң мен шерден алыстатып жаныңды,
Ұстаздарға шуағын шашсын нұр өңің.

Сен аулақ бол адастырар алдаудан,
Талма ешқашан биіктерге самғаудан.
Жат әдеттен алшақ ұста бойыңды,
Жаңыла көрме жақсы істерді жалғаудан.

Адалдыққа бойды үйретіп ұдайы,
Барша жасқа салауатты өмір ұнайды.
Мына өмір жақсылықтан тұрады,
Сонда ғана кірер тағдыр шырайы.
Жанель Аманбекова,
№260 орта мектеп оқушысы
05 қараша 2024 ж. 144 0