Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » УӘЛІ СӨЗБЕН ДАУ ШЕШКЕН САПАҚ БИ

УӘЛІ СӨЗБЕН ДАУ ШЕШКЕН САПАҚ БИ

Қара қылды қақ жарып әділ билік айтқан билер бұрынғы қазақ қоғамында елеулі билік иелері болған. Әріден тартпай-ақ беріден қарасақ, өңірімізде өткен би-шешендерді айтқанда алдымен ауызға ілінетін даралардың бірі – Сапақ би Сартаұлы. Ол 1774 жылы туып, 1859 жылы 85 жас жасаған. Сапақ би Төртқарадан шыққан атақты төрт нақыптың бірі аталады. Нақып деп ислам дініндегі имамның өкілі деген мағына бергенімен, қазақ арасында бауырлардың, рудың белгілі басшысы деген ұғымындажұмсалған. Иә, заманында ұтырлы сөздің жорғасы деп атағы шыққан Сапақ би туралы ел жадында көп, нұсқалы сөздер қалған. Әлімнің екінші баласы Қарамашақтантараған ұрпақтың ішінен алғаусыз айтар әділдігімен елді аузына қаратқан Үмбет би, Көбек би, Басықара билерен үлкенді-кішілі сыйластығымен халықтың қошеметіне ие болған.Иә, Сапақ би жұрт назарына 15-16 жасынан түседі. Әкесі Сартаның бір атын ағайыны Беркімбай деген сұрап мініп, кейін сөзбұйдаға салып қайтармай кетеді. Содан бозбала Сапақ ешкімге айтпай, шектінің ханы Жанғазыға барады. Содан ханның қабылдауына кірес,оның төрінде Беркімбай шалжиып жатыр екен. Бозбаланың сәлемін алған Жанғазы хан:
– Балам, келген шаруа-жайыңды айт! – дейді. Сапақ басын иіп:
– Тақсыр, қарашаңызды  тең көрсеңіз айтайын, тең көрмесеңіз, осы жерден қайтайын,– дейді. Хан көлбеп жатқан Беркімбайға қарайды. Ол тіксініп:
– Мына сұқсыр не деп былшылдап тұр...–деп қалады. Хан Жанғазы:
– Датыңды айт, балам,–деген кезде, Сапақ сарта жүгіне қалып:
– Асқар тауда бір мін бар, белінен асу бермейді. Ағын суда бір мін бар, үстінен өткел бермейді. Ханымызда бір мінбар,қарашасын тең көрмейді. Анау төрде төбедей боп отырған Беркімбай да бір мін бар, сұрап алған әкемнің атын бермейді,–деп тағзым етеді.Жанғазы хан Беркімбайдың туған жиені екен. Атын қайтар деуге нағашысын батпайды да, жасауылын шақырып:
– Мына балаға менің сұр қасқамды әкеліп бер,–деп бұйырады.
Сапақ бидің жетпіс жылға жуық ел алдындағы даңғылды жолы осылай басталыпты.
Ел-халықтың сөзін ұстаған Сапақ бидің Құнанбай қажымен, әулие-ата биі Ысқақпен сөз қағысулары ел алдында айтылып келед. Оның тар жерде тағжыр шешетін тапқырлығы, айыз қандырар айбынды айтқыштығы аңыз боп қалған.
Бір ұлан-асыр жиында бидің кемел ойлы көркем әңгімелерін көпшілік ұйып тыңдап отырғанда. Жаңылыстырғысы келген бір кергетпе қасқа сұрқия сұрақтарын қайта-қайта қоя беріпті. Сонда сырбаздығынан танбаған Сапақ би:
– Батыр сөйлей қалса, жауға салған ойранын айтар. Ақын сөйлей қалса, қызық думан тойдағыны айтар. Қойшы сөйлей қалса, қойын бағып-жайғанын айтар. Қомағай сөйлей қалса, ішіп-жеп тойғанын айтар. Саудагер сөйлей қалса, кездеме қызыл байрағын айтар. Ақылды сөйлей қалса, сөздің қаймағын айтар. Ақымақ сөйлей қалса, көңілге қонбайтын қайдағы-жайдағыны айтар, – деп бейбастығын тоқтатқан екен дейді.
Сапақ би алты Алаштың баһадүр батыры Жанқожамен әрі құрдас, әрі сырлас дос болған. Жанқожа Қожанияз сарттың қамалыналуға қамданып, жатқанда Сапақ бижоңғармен соғыстаерлігімен елге танылған Тәлтекем Қара батырдың жетпіс жыл бойы сандық түбінде жатқан сауытынқырық түйеге саудалап, досына тарту етіп, бірнеше жүз сарбазды қосып берген. Сол жылы мал жұтқа ұшырып, ел іші едәуір күйзеліске киліккен шағы екен. Күйі тайып отырған Қара батырыың жұрағаттары амалсмыздан сауыт-сайманнның саудасына көнген екен. Есесіне, оқ өтпес сауытты киген Жанқожа батыр ескі жауын күл-талқан етіп шауып қайтқан.
Халық қамын жеген Сапақ би өз заманында хан сайлауының  мәселелеріне араласады және де ұйымдастырушылардың бел ортасында жүреді. Орыстардың иелігіндегі Орынборға ел атынан екі мәрте емшілікке барып, даулы жайларды реттеп, бітімгершілік іскерлігіммен танылған.
Сапақ бидің қартайып шау тартқан уағы екен.Үйде жатқан ол құдық қасында Бақшақ пен Тәлтекемнің екі жігіті суға таласып, бірін-бірі сабап жатыр деген хабарды естиді де, таяғныа сүйеніп құдық басына жақындағанда, арашалап жүргендер екеуін тастай салып, бидің қолын алады. Кеңірдектескен  қос тентек те самсоз бола қалып, қол береді. Екі жігіттің қолын ұстап тұрып Сапақ би: «Тәлтекем мен Бақшақ, бір-біріне шақ-шақ. Сен екеуін төбелесіпсіңдер, сен екеуің төбелессеңдер, сегіз жүйе Сейітқұл, сыртыңнан күлер сақ-сақ. Бір құдыққа таласып, төбелесіп жатқаның, екеуіңе болар дақ. Екеуің тату болсаңдар, мына ауылың саған жақ.  Ақауыз ? болсаң егерде, дос табылмас саған тап.  Бірліктің түбі-береке, бірлікке қонар нағыз бақ, бұл сөзіме көнбесең, мейлің өлтір, мейлің шап, – депті.
– Би ата, қателік бізден, – деп әлгі екеуі қол алысыпты.
Сапақ би жөнінде «Жезтаңдай шешеннің сақалымның ұшы екі айырық еді» деген көнеден қалған сөз бар. Айтса, айтқандай кезінде оны Сыр бойында, Арал өңірінде сөзден сүріндірер жан болмапты. Сапақ бидіңданалығын Жақайымнан шыққан  Жетес би, ел тұтқасын ұстаған Дәрменқұл, Мырзағұл. Боранбайлардың өздері мойындап, асқан шешендігіне тәнті болған.
Сапақ бидің бейіті Шалқар, Ырғыз аудандарының аралығындағы Жалаулы деген жайлаудағы қорымда.
Атағы алыс-жақынға тараған, есімі ел есінде қалған бидің есімін орыс ұлықтары Орынбор-Ташкент темір жолын салғандаҚамыстыбас пен Аралдың аралығында бір бекетек береді. Бұл – Сапақ бидің қыстауы болған жер екен. Солайша 1907 жылы теміржолдың VІІ бөлігі 824 версті, болмаса №37 бекет болып белгіленген, ал 1912 жылдың қазан айында арнайы бұйрықпен Сапақ бекеті болып аталады. Ресей шенеуніктерінің жергілікті тұрғын қазақтардың тілек-өтінішін орындауы осы өңірде өмір сүрген халықшыл қайраткер Сапақ бидің абырой-атағының өте зор болғанын көрседі.
Үш жүзге белгілі болған Сапақ би туралы көптеген тарихи жинақтарда, шешендік сөздер кітаптарында, жазушы Қойшығара Салғариннің  «Көмбе» романында, тағы басқа туыныдыларда жазылған.
Сапақ бидің ұрпақтары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Сол ұрпақтарының бастамасымен бабаларының  бейнесін кескіндеу қолға алынған. Аралда тұратын Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Берік Бөкешов атақты бидің өмірін, ол туралы ауызша жеткен аңыз әңгімелері, естеліктері, шешендік сөздерін зерделеп, бірнеше буын ұрпақтарының кескін-келбетін, бет-бейнесін талдап, бірнеше ай бойы кескіндік эксиздер жасап, жыл басында Сапақ бидің керемет портретін жасап шықты. Бұл туынды дуалы ауыз бидің биыл 250 жылдық атаулы мерейтойына жақсы тарту болып отыр.
Хакім Абайдың: «Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегенінің  айғағы осы емес пе?!

"Сапақ би" портреті, Б.БӨКЕШОВ

Ерғали АБДУЛЛА
21 қараша 2024 ж. 91 0