Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әке ерлігі мәңгілік есімізде

Әке ерлігі мәңгілік есімізде

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дейді қазақта. Алайда бұл аталы тек өлмейтін сөз ғана емес, өшпейтін іс, орасан ерлік жасаған жандарға да тиесілі шығар деп ойлаймын. Ақын мен жазушыға толы қазақ даласы белді батырларға, жаужүрек жауынгерлерге де кенде емес. Біз оны талай ғасыр тарихтан жеткен ұлы соғыстардан танимыз.
Міне, қазақ халқы үшін алапат майдан, сұм соғыстың соңғысы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Сол кездегі Кеңес одағын жаугершілік фашизмнен азат еткен аталарымыз да қайтпас қасырлық пен өзгеше ерліктің үлгісін таныта алды. Ал олардың ерлігі 80 жыл бойына өшпей келеді. Өшпек емес, өшпейді де.
Менің мақтанышыма да осы. Батырдың ұрпағымын. Дәл осы сөз айтылғанда кеудемді мақтаныш сезімі кернеп, ел мен жер алдындағы жауапкершілігім арта түседі. Себебі, сіз де, мен де сонау қиын-қыстау замандарды бастан кешірген, жау оғының алдында кеудесін тосқан, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін қанын төгіп, жанын берген батырлардың жалғасымыз. Бүгінгі күн сол батырларды ұлықтайтын, сол халықтың біртуар азаматтарын еске алып, бүгінгі тәуелсіз бейбіт күннің қадірін түсінетін күн.
Қыдырбай Ниязов 1912 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сексеуіл кентінде дүниеге келген. 1942 жылы 30 жасында туған елін, жерін қорғау үшін Ұлы Отан соғысына аттанған. Ел басына күн туғанда өз басын қатерге тіккен батыр әкеміз 1942-1943 жылдары 202 атқыштар дивизиясында болған. 1943 жылы өкпесінің оң жақ бөлігіне оқ тиіп, жараланған. Сол жарақаттан ІІ топтағы мүгедек болды.
Соғыстан келген соң кентегі әскерилендірілген күзет бөлімінде қызмет атқарған. Қыдырбай Ниязов 1973 жылы 61 жасында Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттың зардабынан қайтыс болды.
Әкеміздің майдан шебіндегі ерен ерлігі мен батырлығы ескеріліп бірнеше медаль, ордендермен марапатталды. 1970 жылы Ұлы Жеңістің 25 жылдығына, Ұлы жеңістің 50 жылдығына орай табысталған арнайы ордендер кеудесінде жарқырады.
Батыр әкеміз 3 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда ұл-қыздары халыққа қалаулы, абыройлы азаматтар. Артында қалған ұрпақтары әкемнің қайтпас қайсарлығы мен батырлығын үлгі етеді.
Роза НИЯЗОВА,
Сексеуіл кентінің тұрғыны

13 мамыр 2025 ж. 110 0