Жарты ғасыр жылнамасы

"Тонның ішкі бауындай" алтын түлектер қырық жылдық кездесулерін де дүркіретіп өткізді. Сол жүздесуді ұйыстырған, кезінде кент әкімінің орынбасары болған, көпшілдігімен көзге түскен сыныптасымыз Серік Арыстанов бұл күнге жете алмады. Биылғы жарты ғасырлық жүздесудің ұйымдастырушылары Алмас Бекмұханбетов, Күнімбай Бажиров, Серік Наурызбаев және Қапан Наукенов.
170-ке жуық оқушының жартысының жуығы жалған дүниеден өтіп кеткені қабырғамызды қайыстырды. Бұл өмірде шынында да ештеңе де мәңгі емес екен-ау. Кездесуге санаулы-ақ күн қалғанда Күміс Тұрмағамбетовадай, Қайрат Киікбаевтай сыныптастарымыз бұл жалғанмен қоштасып кете барғаны өкінішті-ақ. Тілеуқұл ишан мешітінде сыныптастарымызға Құран бағыштап, қайырымдылық шаралары болады. Олардың жарқын бейнелерін ешқашан ұмытпай жадымызда сақтау – парызымыз.
Елу жыл бұрын арман қуып, перроннан пойызға мінгендердің алды облыс орталығына, бірі Ақтөбеге, ал енді бір тобы Алматы мен Шымкентке және де басқа қалаларға бет бұрды. Бұл жолғы басқосуға Хромтаудан, Павлодардан, Жезқазғаннан, Ақтөбе мен Тараздан, Шымкент пен Қызылордадан, Астана мен Алматыдан және Өскемен мен Ұлытаудай жердің түкпір-түкпірінен келеді. Қайран, жастық! Сені сағынбайтын, аңсамайтын жан бар ма екен, жер бетінде?!
Ұлағатты ұстаздарыңыздың көбі бақилық болған. Білім ошағында өткен жылдар біздің жадымызда. Өте мәдениетті әрі сыпайы Текебайұлы Ағыбай, салмақты да сабырлы Оразғали Демеуұлы, математика мен физиканың мықтылары Бұлқайыр Айқынұлы мен Мұхабдин Ахметұлы, ұл-қызға да қатаң химик Қалампыр Қазмағанбетова, сабағында шыбынның да ызыңы естілмейтін Жақсыбай Еңсепұлы, бастауыштағы ұстаздардың ұстазы Жүгініс Басбақбайұлы, көненің көзіндей болған талапшыл директорлар Әкімжан Мұсаұлы мен Әбдіразақ Досмырзаұлы, алғашқы сыныпта бізге оқу мен жазуды үйреткен Амандық Әйменова, Балзира Данағұлова, түлектердің тұлғалы азамат болуына аянбай тер төкті. Әруақтарды ардақтаған шәкірттер осындай-ақ болар. Бүгінгі таңда көзі тірі 80-90 жастан асқан Қоңырша Асаева, Тұрсын Деримова, Нағима Тәуекелова, Сәуле Исматуллаева, Айымкүл Ниетбаева, Зәуреш Жарасова, Аққағаз Дүйсенәлиева, Қамажай Қабақбаева, Ақбидай Айдаралиева, Рысжан Лекеровадай апайлардың талапшылдығы қаншама оқушыны білімге ұмтылдырып, тәртіпке шақыруы шәкірт пен ұстаздың ынтымағын паш еткендей.
Мектеп бітірген жылы Жаңыл Сарманова жолдасы Нұрмаханмен бас қосты. Биыл олар 50 жылдық алтын тойларын атап өтпекші. Жаңыл – "күміс алқа" иегері. Ал "Алтын алқа" иегерлері Сұлтанай-Айкүміс Ақмұрзаевалардың бас қосқандарына 48 жыл болса, Айнагүл Шарифова жолдасы Төремұраттың көрмеген қызығын көріп отыр. Орынбай мен Ранайкүл Самұратованың да бас қосқандарына 47 жыл. Бір қызығы, Ранайкүл сонау 2000 жылы ХХІ ғасырдың алғашқы сағатында дүниеге әкелген сәбиі Нұрайымына аудан әкімі демографияға үлес қосқаны үшін Арал перзентханасына арнайы барып, 100 мың теңге сыйақы берді. Сол қызы ата-анасы оқыған мектепті "Алтын белгіге", Ақтөбе медакадемияны қызыл дипломмен тәмамдап, Астана медицина университетінде резидентурада оқып ғылыми жұмысын қорғауда. Қалдан-Сабира Олжабаевтар, Мұхит-Арзымхан Махамбетқалиевтер, Батырхан-Райла Бозымовтардың да 50 жылдан бері бірге жұптары жазылмай келеді. Марқұмдар Сәнімай Бейімбетова мен Әмірхан Ібішов те оқушы кезеңдегі достық сезімдері махаббатқа ұласып, Әмірхан кенттегі тұңғыш кәсіпкер атанды. Ал Сәнімай құрбым шығармашылық жолды таңдаған еді. Ол жүрегімізді ән мен жырға бөлеген, парасат-пайымы бөлек әрі қайратты әрі шешендік өнерімен көзге түсті. Олардың бірі кәсіпкерлікті, ал енді бірі өнер жолын таңдады, талмай ізденіп еңбектенді. Адам туған жерінің емес, өскен, тұрған жерінің перзенті болады. Иә, адамның бағы артындағы ұрпағымен бағаланады ғой. Қазыбектей жақсыдан қалған тұяқ бар, бәрекелді дейміз.
Өткен күн – тарих. Бәр күні кешегідей есімде. Бір сыныпта оқып, талай тай құлындай тебіскен достарым бұл күнге жете алмады. Олар Жақсыбай Молымбетов, Абай Керимов, Серік Алдамжаров, Биболат Иманалиев, Амантай Ахманов, Абдулхан Мулкаманов, Серік Арыстанов, Сембай Жанысов, Болат Бектұрғанов, Жалмұхамбет Елешовтермен жұбымыз жазылмай бірге жүріп сырласатынбыз, – деп күрсіне есіне алды Серік Наурызбаев Ортамызда сыныптастарымыздың жұбайлары Ақтөре, Айымкүл, Шакизада, Үйтолған, Кітабия, Жанкүміс, Ұлжан, ал қыздарымыз Гүлжан мен Пакизада ұл-қыздарын тәрбиелеп өсіріп отыр. Ахметов Ағанастың әйелі Шалманова Бақтыгүл де 3 баламен қалды.
Мерейлі – түлектеріміздің бірі Қайыржан Шампиков. Ол институтты қызыл дипломмен бітіріп, өңіріміздегі Шалқия кенішінде, Ақтөбедегі Дөң тау-кен комбинатында кен шеберінен кеніштің бас инженеріне дейін көтерілді. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі қызметін мемлекет бағалап, Қазақстанның "Ең үздік кен шебері" медалімен, "Кенші Даңқы" орденімен марапатталған белгілі тұлға. Бүгінгі таңда Ақтөбедегі Сақтаған Баишев атындағы университеттің тау-кен факультетінде аға оқытушы болып 40 жылдық еңбек тәжірибесін жастарға үйретіп келеді. Гүлнар Басбақбаева 44 жыл Қазақстан теміржолы Ұлттық компаниясының белгі беру және байланыс департаментінде бас маман болып еңбек етсе, Мақсұт Көптілеуов Жамбыл облысы, Тараз қалалық электрожүйесінде ең мықты электрослесарь жөндеуші болып бір орында тапжылмай 40 жыл еңбек еткен екен. Мұқаш Бигелдиев тау-кен инженері "Алматы метроқұрылысына" 1999-2006 жылдар аралығында учаске бастығы болып 2-3 стансаны толықтай ашуға үлес қосқан білікті маман. Ал, Мұрат Жетпісәлиев Республикалық Архитекторлар кеңесінің мүшесі. Қазіргі таңда Шымкент қаласының архитекторы. Кезінде Мұраттың Сексеуіл кентінің өндірісі мен сәулетіне қосқан үлесі орасан зор болды. Жаңбырбай Нұрмағамбетов туп-тура жігіттің нарқасқасы екен. Вагон құрастыру зауытында бригадир болып 37 жыл бойы Қазақстанда ең алғашқы тепловоздардың двигательдерін, яғни моторын шығарған бесаспап шебердің қолынан айына 25-30 моторға дейін дайындаған. Қадірлі түлектердің бәрі дерлік өздері таңдаған мамандығының топ жарғандары. Қалдан Олжабаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінде басшы болды, бүгінгі таңда "Целин Гормаш" ЖШС директоры. Ғалымжан Сансызбаев – Химия ғылымдарының кандидаты болса, ал Найман Төлегенова – медицина ғылымның кандидаты, Шымкент медицина колледжінде дәріс береді. Медицина майталмандары Гауһар Айкенжеева 37 жыл Сексеуіл кентінде гинеколог дәрігер болса, Темірхан Бержанов "Аралстомед" тіс емханасының 1987-1994 жылдары аралығында меңгерушісі болды. Гүлжан Сүттібаева мен Ранайкүл Самұратова аяжан болып халыққа мінсіз қызмет көрсетті. Қалайда адам жанының арашашысы боламын деп медакадемияны үздік бітіріп, хирург дәрігер мамандығын алып, Торғай облысының Жанкелдин ауданында аудандық аурухананың бас дәрігері "алтын қолды" хирургы болып талай жанды өмірге қайта әкелді. 2002 жылы Шалқардағы мед колледжінде өмірінің соңына дейін дәріс беріп, шәкірттерін тәрбиеледі. Иә, нағыз дәрігер болу үшін адамның ішкі құрылысын білу маңызды, білу үшін оқу керек, оқу да үлкен еңбек қой.
Білім нәрін егуші бағбан әрі жанұя тіректері Гүлшара Медеубаева Жезқазғандағы №21 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болса, Нұрсұлу Қаниева Сексеуілдегі №231 орта мектепте, Бибігүл Нұрмаханова Өскеменде, Сәбира Сұлтангереева Астанада, Пакиза Айтмамбетова әуелі Сексеуілде еңбек жолын бастап, кейін Ұзынағаш ауданында ұстаз, темір жол колледжінде ағылшын тілінен дәріс береді. Ал Күнімбай Бажиров Сексеуіл кентіндегі орта мектепте ұлағатты ұстаз атанғандар санатында. Өңіріміздегі Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің қылмысты іздестіру бөлімшесінің бастығы болған полиция капитаны Тұрғанбек Төлегенов, Қазалы станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция полковнигі Тайман Тілепбергенов және Сексеуіл кентінде полиция қызметкері болған Жасарал Сопановты құқық қорғау және қырағылықты сақтау ісінің үздіктері.
Төрт түлік мал қазақтың жаны, тіршіліктің көзі, береке-бірлігіміздің құты. Ауданның ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге Қосаман ауылында Ақпан Құрманов пен Әуез Қосжанов бірі жүргізуші, ал енді бірі тракторист болып еңбек етсе, Алматай Жетесов мал бордақылау алаңының және ферманың меңгерушісі болып сатылап, "Құланды" АҚ Бас зоотехник болып еңбек етіп, ісмерлікті іскерлікпен ұштастырған Алматай бүгінгі таңда құлашты кеңге салған айтулы кәсіпкер. Шара Қозбақова облыс орталығында, Айша Манашова Таразда, Арзымхан Махамбетқалиева Алматыда өз биігін кәсіптен тапқан айтулы жандар. Халықтың рухын көтеруге 95 жылдық тарихы бар аудандық "Толқын" газеті бас редактордың орынбасары болып ұзақ жыл еңбек еткен осы жолдардың авторын айтуға болады. Өңір құрылысын, кент халқын түгел ауыз сумен қамтуға және газын жүргізіп, сүбелі үлесін қосқан өндіріс саласының майталманы Қасым Әйменов зейнеткерлікті қайраткерлікке ұластырып, кент ажарын кіргізген өз ісіне мығым, іскер де өте тәжірибелі азамат. Қасымның шыққан биігі сыныптас достары үшін мерейлі мәртебе іспетті. Сауда саңлақтары Әлима Смағұлова, Назира Рәбілова болса, Сәрсенбай Қошқарбаев ата кәсіп балық шаруашылығын 40 жыл бойы өркендетіп өрге сүйреп келеді. Ал Бақыт Нұрғалиева – мақтаулы байланысшы.
Ал Серік Наурызбаев Локомотив Пайдалану депосында мастер, аға қабылдаушы, ал Бақберген Жаманқараев осы депода технолог болып екеуі де 42 жыл еңбек етіп, теміржол саласының үздіктері деп танылды.
Жарты ғасырлық кездесудің дем берушілері Алмас Бекмұхамбетов Сексеуіл жылу беру орталығының басшысы болған ол түлектерді жылы сөзімен ұйытуы қандай ғанибет. Ал бастамашыл, түрлі ұсыныстарды айтудағы Нұржамалдың ескерімдігі таңдай қақтырады. Отан алдындағы борышын өтеп келген сыныптастардың барлығының дерлік шақыру билеттерін үкілеп сақтаған Нұржамал Бекетаеваның күтімдарлығы мен жастық шаққа деген қимастығына ерекше тәнті боласың.
Иә, теміржол тарландарының басым көпшілігі "Қазақстан теміржолы" ҰҚ АҚ компаниясына қарасты Сексеуіл Локомотив пайдалану және "Қамқор-Локомотив" жөндеу деполарында жолаушы және ауыр жүк пойыздарының машинистері, оның көмекшілері, нұсқаушылары, техникалық қызмет көрсету майталмандары көптеп саналады. Олардың қатарында Нағашәли Серібаев, Әмидулла Тұрмантаев, Орынбай Самұратов, Сұлтанай Ақмұрзаев, Аққали Смағұлов, Қапан Наукенов, Ағытай Жүсіпов, Бердалы Жұлдызбаев, Рысдаулет Әлдешов, Байқожа Ханкелдиев. Олар жүк және жолаушылар пойыздарын тасымалдайтын тепловоз машинистері. Ең әуелі көмекшісі болып жолға шығарда құрал-сайманды түгендеп, жанар-жағармайын өзге де қажетті істерді қарап, тепловоздың жұмысқа дайындығын тексереді. Машинистің жауапкершілігі екі есе ауыр. Түннің кез келген уақытында жұмысқа шақырылады. Олардың оған да төселіп кеткені еңбекке деген ынтасын әрі жауапкершілігін аңғартады. Әмидулла Тұрмантаев машинистің көмекшісі, машинист, машинист-нұсқаушы, Локомотив депосы бастығының Локомотив пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтеріне сатылай көтеріліп, оны абыроймен атқарған рухты азамат. Түлектердің әкелері де, ұрпақтар сабақтығын жалғаған балалары да бір сөзбен айтқанда кенттегі отбасының көпшілігін теміржолшылар династиясы десе де болғандай. Мақтаулы жолшы, вагон қараушы, электрик, кассир, токарь, слесарь, байланысшы, нарядшы, кезекші, қабылдаушы, мастер, техник іскер өз биігін тапқан жандар санатында. Олар – Бейбіт Жұбанышева, Мұхан Нұрышев, Әбдіғани Ахметов, тепловоздың дөңгелегін жонған маман Мұратбай Төлеуов, Тойбазар Қалымбетов, Бағия Бектұрғанова, Кенжекей Сопанова, Райла Ахметова, Сәуле Жанғазиева, Үйтолған Матығұлова, Бақтыгүл Шалманова, Жанкүміс Алмағамбетова, Күлмариям Тұралиева, Мақсат Арғынбаев, Өтеген Жаналиев сынды әр саланың тарландары. Ал Мұхит Махамбетқалиевтің "ҚТЖ" Алматы ІІ жүк бөлімшесінде ұзақ жыл жүкті қабылдап, тапсыру қызметкері болып зейнетке шығып, бүгінгі таңда америкалық "Сити Банктің" Қауіпсіздік бөлімінің аға инспекторы болып еңбек етуде.
Имандылыққа бет бұрып Жасарал Сопанов бүгінгі таңда "Тілеуқұл ишан" мешітінде имам болса, ал қажылық сапарға барып, парызын өтеп келген түлектер санатында Орынбай Самұратов, Тұрғанбек Төлегенов, Кенжекей Талдықбаева, Қасым-Шолпан Әйменовтер.
Қоғамның түйінді мәселесін шешу, оны қолдау, көмектесу мақсатында кезінде 40 жылдықта марқұм Серік Арыстанов қалталы азаматтарды, атымтай жомарттарды ұйыстырып, тұл жетім 21 мұқтаж жандарға көмек берген болатын. Биыл да сол игі іс жалғасын таппақшы. Шын ниетпен қамқорлық жасау ардың ісі ғой. Серік пен Гүлжанның қызы Самал қайырымдылық жұмысты жалғастырды. Марқұм Алтынбек Есеевтің ұрпағы Ақтілек те осындай игі істің озаты атанып, облыс әкімінің грантын иеленген еді. Ата-аналары бастаған қалталарынан қаржы шығарып қайырымдылық жасаған түлектерді мақтан етеміз.
Сыныптас достардың саналы ғұмыры, еткен еңбектері, табандылығы мен тындырымды істері кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Сезім мен төзім, еңбек пен талап, құлшынысын ұрпақтарына үйретіп отырған олар елу жылдық мерейтойларына толағай табыстармен жетіп, асыл армандары орындалған жандар.
Құндыз ДӘУІТОВА,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі