Ардақты ер, абзал ұстаз Әлиев Садуақас ағайға арнау
Майданда шын болаттай шыңдалғансың.
Ұстаз боп ұрпақтарға шырақ жаққан,
Шәкірттердің жүрегінен жаралғансыз.
2. Туылыпсыз Мақпалкөлдің жерінде,
Шаруа отының шырағы әр кез өзіңізде.
Қарапайым қазақтың баласы едің,
Отбасының тірегі асыл әке.
3. Жастайыңнан білім жолын мұрат қып,
Үміт артты елің менен Отаның.
1939 ж алғаш мектеп бітіріп,
Ұстаз болып қадам бастың ізгілікке.
4. Сексен жыл самғай ұшқан ғұмыр атты,
Ерліктің,еңбектің де шежіресі.
Жауынгерсің от кешкен сан тарапты,
Бүгінгі ұрпағыңа қалдырдың аманатты.
5. Өзің әр кез шындықтың да шырағы,
Өзің әр кез намыстың да құралы.
Ұрпақтардың жарқын жанды үміті,
Өзіңізсіз мәңгі алтын мұрасы.
6. Тілектеспіз төрінде төрдің тұрып,
Шаттығың шалқысын гүлдей құлпырып.
Сексен жасың сауаптың бәйтерегі,
Ұрпағың жүр әрдайым да шаттанып.
7. Жүрекпен жақтың сан жүректің алауын,
Білімменен көктеттің арманның да алауын.
Ұрпақтарға өзіңіз сенім артып,
Ұлтыңның биіктеттің жан қалауын
8. Өмірдің майданында қайыспадың,
Ақиқат пен намысты қайта жақтың.
Сан ұрпақ өзіңізден білім алып,
Сіз сепкен шырақ бүгін қайта жанып.
9. Сексен жасың ел үшін еткен еңбек,
Ұрпағың жадында сақтап сан жыл жүрмек.
Ұстаз да ,жауынгер де болған ерсің,
Халқыңның маңдайдағы жарық ерсің.
10. Тілейміз сізге бүгін нұрлы күндер,
Жүректен төгіледі ыстық жырлар.
Әлі де ұрпақтарың үлгі алар,
Әлі де халқың сізді мақтан тұтар.
11. Есімің елге өнеге,ұрпаққа ұран,
Кеудемде естелік боп қалдың мәңгі.
Сіз болдыңыз -ерлік пен ұстаздықтың,
Бәйтерегі мәңгілік шын асыл жан!